Білім

Ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді

Жақында  «Рахат» мейрамханасында білім саласының бір топ ардагеріне құрмет көрсетілді. Жиынға Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева қатысты.

Мерекелік шараның өтуіне қалалық білім бөлімі мен Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласы білім беру қызметкерлерінің кәсіподақтар ұйымы ұйытқы болды.

Мерекелік басқосуда қала әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева, аталған кәсіподақ ұйымының төрайымы Лида Оралбаева ардагер ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, ыстық ықылас, жылы лебіздерін білдірді. Сондай-ақ Лида Оралбаева  биылғы оқу жылында зейнеткерлікке шыққан педагогтерге, ардагер ұстаздарға және жас мамандарға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Мерекелік шарада ұстаздарға құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары табысталды. Сондай-ақ өнер ұжымдарының өнерпаздары педагогтерге концерттік бағдарлама ұсынды.

Г.БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button