Жаңалықтар

Шекара қызметінің басшыларымен кездесті

«Бейсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин шекара қызметінің өкілдерін қабылдады», — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов Ақтөбе облысы бойынша шекара қызметінің жұмысы тұрақты екендігін айтып, облыс әкіміне шекара қызметіне жаңадан тағайындалған ҚР ҰҚК ШҚ Бас штабының бастығы, директордың бірінші орынбасары Айдар Аймұрзин мен ҚР ҰҚК ШҚ «Батыс» өңірлік басқармасының бастығы Асхат Ахметовті таныстырды.

Өз кезегінде облыс әкімі Оңдасын Оразалин шекара қызметінің материалдық базасын нығайтуға қолдау білдіруге қашанда әзір екенін жеткізді.

Шекара қызметінің басты мақсаттарының бірі елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету екендігін жақсы білеміз. Осы бағытта жасап жатқан жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Еліміздің экономикалық, саяси жағынан дамуы жолында, тұрақтылық пен бейбітшіліктің жолында әрі қарай да бірігіп жұмыс жасаймыз деген сенімдемін, — деді өңір басшысы.

Кездесу барысында ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов облыс әкімі Оңдасын Оразалинге ҚР Мемлекеттік шекара күзету бойынша ісіне қосқан үлесі үшін Алғыс хат табыстады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button