Әлеумет

Мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілді

Ақтөбе қаласындағы «Алтай» және «Мега шығыс» базарларының басшылығына мыңдаған ақтөбелік отбасы жоғары әлеуметтік жауапкершілік және «Мейірімді істер дүкені» қайырымдылық жобасына белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреді.
Айта кету керек, маңызды жоба жүзеге асырылып жатқан үш жыл ішінде сауда орталықтарының басшылығы ақысыз негізде дүкен-дүңгіршектерін ұсынады.
Бұл дүкендерден ең төменгі зейнетақы алушылар, 18 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі адамдар қажетті киім-кешек, аяқ киім, ойыншықтар және т.б.заттарды тегін ала алады.

Тауарлардың негізгі бөлігін Ақтөбе облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығы, белсенді қала тұрғындары, мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлері және кәсіпкерлер жинаған.
Жыл басынан бері әлеуметтік бөлім қызметкерлері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 1866 отбасыға жан-жақты көмек берген. Бұл отбасыларда бүгінде 5178 бала, 282 мүгедек тәрбиеленуде.
Сондай-ақ бүгінгі күні әлеуметтік бөлімде 5 баланы тәрбиелеп отырған көпбалалы ана жұмыс істейді. Яғни бұл жоба мұқтаж отбасыларға көмек көрсетумен шектелмейді,  сонымен қатар көпбалалы отбасын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді.

А.АЙДАРОВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button