Жаңалықтар

Ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді

Дүйсенбі күні «Рахат» мейрамханасында Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева бір топ ардагер ұстазды мерекемен құттықтады.

50-ге жуық ардагер ұстаз бас қосқан мерекелік шараны Ақтөбе қалалық білім бөлімі мен «Халықаралық ғылымдар, экология, инженерия және педагогика академиясы» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Мерекелік басқосуда қалаәкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева ардагер ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, биылғы оқу жылында зейнеткерлікке шыққан бір топ мектеп басшысына арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табыстады.

Шарада қалалық білім бөлімінің басшысы Саян Сүлейменов жиналғандарға жүрекжарды лебізін айтып, облыстың, қаланың білім беру саласына үлес қосқан ұстаздарға алғыс білдірді.

Мерекелік шарада ұстаздарға құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары табысталды. Сондай-ақ өнер ұжымдарының өнерпаздары ұстаздарға концерттік бағдарлама ұсынды.

Мерекелік шараға келгендердің бірі — ардагер ұстаз Мұқанбетқали Сатыбаев. Ол білім және мәдениет саласында 40 жылға жуық еңбек еткен. Бүгінде зейнеткерлік демалыста.

Ақтөбе қаласындағы №21 орта мектеп-гимназиясында 20 жылдан астам уақыт ұстаздық еттім. Музыка пәнінен сабақ беріп, талай шәкірт тәрбиеледім. 2015 жылы зейнеткерлікке шықтым.Жалпы еңбек өтілім — 40 жыл. Бұрын Ойыл ауданында мәдениет саласында көп жыл қызмет еттім. Бүгін, міне, қалалық білім бөлімі ұстаздар күніне орай ардагерлерге мерекелік дастарқан жайып, сый-құрмет көрсетіп жатыр. Өте қуаныштымын. Барлық әріптестерімді, ұстаздар қауымын мерекемен құттықтаймын. Мұғалімдерге шығармашылық табыс, еңбекте зор жетістік тілеймін, — дейді ардагер ұстаз.

Д.ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button