Жаңалықтар

Димаштың әтірі

Әнші Димаш Құдайберген атындағы әтір шығарыла бастады. Бұл туралы Димаш өзінің инстаграм парақшасында жариялады: «Кешкі қоңыр самалдан музыка жұпары сезіледі…» —  Клод Дебюсси. Бұл дүниенің ғажабын тек музыкамен емес, керемет жұпармен де сезінуді армандадым! Менің қиялыма қанат байлап, ойымның жүзеге асуына көмектескен франциялық керемет парфюмерлер «DQ Scent of Music» ғажайып әтірлер желісін жасап шығарды! Біз 2қазан күні баршаңызға шығармашылық ізденісіміздің жемісін ыстық ықыласпен ұсынамыз және сіздердің пікірлеріңізді, әділ бағалауларыңыздыасыға күтетін боламыз!», — деп жазған Димаш.

«DQ Scent of Music» әтірлер желісін жасап шығару үшін Францияның таңдаулы парфюмерлері жұмыс істеген. Тіпті инстаграм желісінде арнайы парақша да ашылған. Үш күннің ішінде төрт мыңға жуық адам жазылған парақшада әтір туралы барлық ақпарат бар: «Ерлерге арналған DQ әтірі —  Димаштың «жұпар иісті қолтаңбасы» бірегей талант пен қайталанбас өнердің ерекшелігін және Қазақ Елінің мәдени мұрасы мен табиғи сұлулығын көрсетеді.  Димаштың дауысындай ғажап және  таңғалдыратын хош иіс —  цитрус компоненттері, шисо жапырақтары қосындысынан шыққан. Мускус пен янтарь қосындысы сиқырлы нәзіктік сыйлайды. Ал әйелдерге арналған әтір сандал ағашы мен қызыл ағаштың, мускус пен басқа да гүлдер шоғырының жұпарын бойына сіңірген. Мойылдай мөлдір гүлдер мен көпжылдық лотостың, сәнді магнолияның, лимон мен анардың хош иісі байқалады», — делінген онда.

Ерлерге және әйелдерге және арналған иіссулар 2 қазаннан бастап сатылады. Және тек қана  https://dq-perfume.com/ сайты арқылы сатылымға шығарылмақ. Сондай-ақ иіссу сатылатын, яғни жеткізілетін елдердің тізімі сайтта жарияланады.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button