Жаңалықтар

Ақпараттық топ аудандарды аралауды бастады

Облыстық әкімдікте Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын халыққа түсіндіру мақсатында құрылған ақпараттық топтыңаудандарға шығу мәселесі бойынша жиын өтті.

Биылғы жылдың 26 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында ақпараттық топ өкілдері облыстың Алға, Мұғалжар, Темір, Байғанин, Ырғыз, Шалқар аудандарына барып, 18 елді мекеннің тұрғындарымен кездесу өткізбек.

Ақпараттық топтың құрамында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің облыс бойынша департамент басшысының орынбасарлары және қызметкерлері, облыстық басқарма басшылары, депутаттар, қоғам қайраткерлері мен еңбек ардагерлері, ғалымдар, үкіметтік емес ұйым, зиялы қауым өкілдері бар.

— Ақтөбе қаласында Мемлекет басшысының Жолдауын халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында 20 тамыз бен 20 қыркүйек аралығында «Халық қауіпсіздігін қамтамсыз ету» жобасы жұмыс жасады. Осы бір айдың ішінде көптеген мемлекеттік мекемелер халықтың әлеуметтік мәселелерін зерттеп, нақты шараларды жүзеге асырды. Үкімет тарапынан жасалып жатқан қолдаулар насихатталды. Осы жұмысты жылдағы дәстүрге сәйкес, облыстың 6 ауданында өткізгелі отырмыз.

Ақпараттық-насихаттық топ құрамында өңірімізге белгілі ардагерлеріміз, ел зиялылары, депутаттар мен қоғам қайраткерлері бар. Бүгінгі күні аталған жоба бойынша 7 мыңға жуық тұрғынды қамтамасыз еткен 65 іс-шара ұйымдастырылды. Сондай-ақ алдағы уақытта аудандарға шығу кестесі жасақталып,  әр ауданға жауапты басқарма басшылары бекітілді, — деді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова.

Жиын соңында ақпараттық топ өкілдерінің тарыпынан ұсыныс-пікірлер айтылды.

 Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button