Пікір

Жастар жұмыссыз қалмайды

Серікболсын ТӨЛЕУОВ,

жас кәсіпкер

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында шағын және орта бизнесті арттырып, кәсіптік білім беру керектігін айтты.

Бұл қазіргі қоғам үшін өзекті проблемаға айналған кадр мәселесін реттейтіні анық. Әр мамандықтың басын бір шалмай, әркім өзі қалаған кәсіпті игеруге жол ашады. Әсіресе, ауыл жастары үшін кәсіптің көзі болып табылатын ауылшаруашылық саласының мамандары көбейсе, отандық өнімдерді өндіруде алға басарымыз анық. Өйткені Мемлекет басшысы ауылшаруашылық өнімдерін 4,5 есеге арттыруды айтса, ауылдың ажары бұдан әрі көркеймек. Бүгінде мектеп жоғары сынып оқушыларына мамандықты тиімді таңдау жұмыстары жүргізілуде.

Жолдауда жастардың қалаған мамандықты игеріп, кәсіптік білім алып, жұмысқа орналасуына көңіл бөлініп отыр. Демек, дипломы бар жас маман жұмыссыз қалмайды. Бірақ жұмыссыз қалмау үшін заман талабына сай мамандықтарды игеруіміз қажет. Жоғары оқу орнын бітірген немесе арнаулы орта білімі барлар қалада сенделіп жүрсе, ауыл тың идеялар, жаңашыл жүйелерді енгізетін тәжірибелі мамандарға зәру. Мұндайды болдырмау үшін елімізде оқи алмай немесе мамандығын пайдалана алмай жүрген 21 мың жастың есепке алынуы тегін емес. Оларға көңіл бөлініп, қоғамға қажетті кадрларды даярлап шығаруға мүмкіндік болып отыр. Жолдаудағы бес бағыттың барлығы да ел экономикасын көтеруге бағытталса, ол үшін,ең бірінші, маман керек. Сол себепті кәсіптік білімге бетбұрыс жасау — дер кезінде қолға алынған қадам. Заманауи технологияларды ауылда пайдаланып-игеріп, ауылшаруашылық саласындағы инновациялық-индустриялық жобаларды іске асыратын да жас мамандар. Осы Жолдаудағы  халық игілігі үшін елдің тұрмысын жақсартып, әлеуетін көтеруге арналған бастамаларды толық құптаймын.

Ойыл ауданы. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button