Пікір

Мәдениет пен әдебиеттің маңызы

Сұлушаш ХАКИМОВА, 

Н.Байғанин атындағы облыстық

балалар кітапханасының директоры

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған алғашқы Жолдауында көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтар көтеріліп, қоғамдағы өзекті мәселелер қамтылған.

Президент әсіресе мәдениет саласын айрықша атап өтті. Бұл еліміздің мәдениетінің дамуына үлес қосып жүрген кітапхана қызметкерлеріне де тың серпіліс берді.
Кітап —  адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Сол мұраны келешек ұрпаққа жеткізетін рухани байлық ордасы — кітапхана екені бәрімізге мәлім. Жүктелген абыройлы міндетті атқарып жүрген кітапханашыларға алдағы уақытта  әлеуметтік жеңілдіктер беріліп, еңбекақының көтерілуі үлкен қолдау болары сөзсіз.

Мәдениеті өскен мемлекеттің дамыған елдердің қатарына қосылары хақ. Біздің де дамыған 30 елдің қатарына қосыламыз деген талпынысымыз бар. Мұнда мәдениет пен әдебиеттің рөлі зор. Сондықтан біз жұмыла жұмыс істеуіміз керек.

Келер жылы ғұлама әл-Фарабидің 1150 жылдық, ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойлары аталып өтілмек. Осыған орай кітапханаларда ұлы тұлғалардың өмір жолы мен шығармашылығын балаларға насихаттау мақсатында іс-шаралар жоспары әзірленіп, тәрбиелік мәні бар шаралар ұйымдастырылатын болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button