Мәдениет

Туған жеріне келді, концерт қойды

Сары Батақұлы атындағы аудандық Мәдениет үйінде Шалқардың төл перзенті, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, жезтаңдай әнші, термеші Айгүл Елшібаеваның концерті өтті.

Сахна төрінде Айгүл Елшібаева қазақтың қара домбырасымен қазақ жырауларының және ақтөбелік жыраулық өнер мектебі өкілдерінің жырауларын нақышына келтіріп орындады. Өнерін тамашалауға келген халық қол соғып, қошемет көрсетті.

Шалқарлық Түгелбай Құдайбергенов те жырдан шашу шашты. Аудан әкімінің орынбасары Амангелді Қонақбаев егеменді еліміздің мәдениет саласында өзіндік орны бар Айгүл Иманқұлқызының өнерін жоғары бағалап, аудан әкімі Бауыржан Қаниевтің атынан Алғыс хат табыстап, сый-сияпат жасады. Сондай-ақ «Шалқар ауданының құрметті азаматы» атағының куәлігін салтанатты түрде табыстады.

Өз кезегінде Айгүл Елшібаева аудан басшылығы тарапынан көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, туған жерде ел игілігі үшін атқарылып жатқан жарқын істерге қуанып жүретінін жеткізді.

Тыл ардагері Оразбай Әділбаев өнер иесіне деген ыстық ықыласын білдіріп, аталық батасын берді. Тыңдарман қауым ризашылықтарын білдіріп, гүл шоқтарын ұсынды.

 Сағымбек  ҰЛЫҚПАНОВ,

Шалқар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button