Экономика

«Кайдзен»қандай әдіс?

«Кайдзен» — жапон методикасы, «бір минут қағида», яғни үздіксіз жетілдіру деген мағынаны білдіреді. Қарапайым тілмен түсіндірсек, үлкен мақсатқа бірден емес, біртіндеп жету.

Адам алдына қойған мақсатына 1 минут уақыт жұмсайды. Мәселен, жаттығу жасауға уақыт жоқ, мойныңыз жар бермейді. Осыны әдетке айналдыру үшін күніне бір минут жаттығу жасайсыз. Бұрынғыдай жарты сағат деген нәрсені аз уақытта тындырып тастайсыз. Сіз аз да болса жалқаулықтан арылдыңыз. Осылайша күн сайын уақытты көбейтіп отырасыз.  Бұл әдістің авторы —  жапондық Масааки Имаи. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Жапонияның бірқатар алпауыт компаниялары «Кайдзен» әдісін қолданған. Аталған әдісті кез келген салада пайдалануға  болады. Оның ішінде мемлекеттік қызмет жүйесі де бар.

Облыстық әкімдікте мемлекеттік органдардың, қала мен аудандағы кадр мәселесіне жауапты басшылардың қатысуымен аталған жүйе бойынша мастер-класс өтті. Тренингті ҚР Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, кәсіпкер Айнұр Бақтығалиева жүргізді. Кәсіпкер «Кайдзен» әдісін өз бизнесінде қолданғанын айтты.

Заман өзгеріп жатыр. Жаңашылдықты бірден қабылдап алу қиын. Осы ретте аталған жүйенің тиімділігі көп. Бизнесті жандандыруға, қарым-қатынастарды нығайтып, үнемі жетілуге жол сілтейді, — деді Айнұр Бақтығалиева.

Ол қатысушыларға аталған жүйенің тиімділігін жан-жақты түсіндірді. Бұл шараны

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті ұйымдастырып отыр.

 Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button