Басты жаңалықтарСпорт

Мейрамбек Олимпиада жолдамасын иемденді

Грек-рим күресі бойынша Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионатының үшінші күнінде Қазақстан қоржынына екі Олимпиада жолдамасы түсті. Алғашқы жолдаманы жерлесіміз Мейрамбек Айнағұлов жеңіп алды.

60 кг салмақ дәрежесінде сайысқа түскен Мейрамбек алдымен Бразилияның атынан өнер көрсетіп жүрген қазақ палуаны Марат Гариповты 9:0 есебімен жеңді. Одан кейінгі айналымда Юстас Петравикиусты ұтты. Есеп: 4:2. Ал ширек финалда Иван Лизатовичті таза жеңіп, жартылай финалға шықты.

Сонымен қатар бұл — Токио Олимпиадасына жолдама берілетін лицензиялық жарыс. Сондықтан Мейрамбек, жартылай финалға жолдамамен қатар, Олимпиада жолдамасын да жеңіп алды.

Мейрамбек Айнағұлов — 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионатының үш дүркін жүлдегері (2017 жылы күміс, 2016, 2018 жылдары қола алған) және 2018 жылғы Азия Ойындарының қола жүлдегері.

 И.ЖАЙМАҒАМБЕТОВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button