Басты жаңалықтар

«Аспан-2019» лаңкестерді жойды

Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының «Ақтөбе» әуеайлағы аумағында Ақтөбе қаласындағы біріккен әскери жеке құрамдардың «Аспан-2019» арнайы тактикалық оқу-жаттығулары өтті. Бұл әзірлікті облыс әкімі Оңдасын Оразалин бастан-аяқ бақылады.

Оқу-жаттығуға қала аумағындағы 99235, 30238, 6655-әскери бөлімдердің ұлттық ұлан сарбаздары мен полиция департаментінің арнайы жасағы,төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері және денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері қатысты. Әскери шараға 214 адам тартылып, 18 арнайы техника жұмылдырылды.

Үш кезеңнен құралған оқу-жаттығудың мақсаты — бөлімшелердің өзара іс-қимыл мәселелерін тәжірибе жүзінде пысықтау, жеке құрамның кезкелген жағдайда жоғары жауынгерлік дайындығы мен моральдық-психологиялық қасиеттерін байқап, жеңіске деген сенімділігін жетілдіру.

Белгіленген жоспар бойынша сарбаздар саны көп лаңкестерге тойтарыс беріп, оларды құрықтау операциясына қатысты. Қарақшы топты жою, олар басып алған нысандардағы кепілге алынғандар мен лаңкестерді эвакуациялау іс жүзінде көрсетілді. Содырлардың әр шабуылына қарсы күрес жүргізген жеке құрам өздерінің оқыс жағдайда дайындық шеберліктерін көрсетті.  Граната, миналар қолданылып, бірнеше жарылыс болды. Өрт сөндіру және аймақты минадан тазарту жұмыстары жүргізілді. Медициналық жедел жәрдем көліктері мен дәрігерлердің жаралыларға алғашқы көмек көрсету кезіндегі әрекеттері пысықталды.

Алдымен қару-жарақ пен әскери техникалар көрмесімен танысып, жаттығуды бастан-аяқ қараған облыс әкімі Оңдасын Оразалин:

Бүгін аумақтық қорғаныс бойынша өткізілген оқу-жаттығу Мемлекет басшысының жедел және жауынгерлік даярлық деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындауға бағытталды. Сондай-ақ аумақтық қорғаныс бригадаларыныңкүзету мен қорғау іс-қимылдарына жауынгерлік әзірлігін тексеру, жеке құрамның кәсібидағдыларын жетілдіру мақсатында өткізіліп отыр. Диверсиялық қауіп күнделікті шындық.Оған немқұрайлылық танытпай, төтеп беруге әрдайым дайын болуымыз қажет. Бұл оқу-жаттығу біздің аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің стратегиялықаумақтарды күзету мен қорғау жәнеқылмысты жою іс-қимылдарына дайын екендігін көрсетті. Барлық бөлімшелер қойылған міндеттерді толық орындады.Күштік құрылымдар арасында өзара іс-қимылғақол жетті.Жаттығу барысында  шеберліктеріңізбен кәсіби біліктіліктеріңізді көрсете білдіңіздер, — деп алғысын білдірді.

Самат НАРЕГЕЕВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button