Жаңалықтар

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ кәсіби мерекелерін атап өтті

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған мұнай-газ кешені қызметкерлері күнін атап өтті.

Салтанатты шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин арнайы қатысып, кәсіпорын қызметкерлерін құттықтады.

«Тәуелсіздік алған жылдардан бастап дамыған елдердің қатарына қосылған Қазақстанның басты байлығын халық игілігіне айналдыруда аянбай еңбек етіп жатқан қызметтеріңіз әрқашан құрметке лайық. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» —Ақтөбе өңірінің мұнай-газ саласындағы ірі өкілі, әлеуеттік жауапты компаниясы. Жылына 4 миллион  тонна мұнай, 6 миллиард текше метр газ өндіреді», — деп атап өтті облыс басшысы.

Облыс әкімі өңірдегі мұнай-газ саласының 20 ардагерін марапаттады.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директоры Вэй Юйсян, облыстық кәсіподақ ұйымы төрағасы Алтынбек Әмірғалиев кәсіпорын жұмысшыларына жылы лебіздерін білдіріп, 50 азаматқа Алғыс хат табыс етті.

Мерекелік шара жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.

 

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button