Жаңалықтар

Мүмкіндіктер көбейді

Nur Otan партиясы Ақтөбе қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Жүсіпов «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы Ақтөбе ферроқортпа зауытының ұжымымен кездесті.

Мақсат —ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын жан-жақты түсіндіріп, талқылау, ұжым қызметкерлерінің өндіріс саласы жөніндегі ойларымен бөлісу. Сонымен қатар өнеркәсіп саласы тұрғысындағы басымдықтар туралы айтылды.

Жолдаудың барлық бағыттарымен танысып шықтық. Бізге ұнағаны —жастардың әлеуметтік жағдайлары үшін көңілге қонымды мәселелер қозғалды. Соның бірі — зейнетақы қорындағы қаржыны тиімді пайдалану. Жастарға тұрғын үй мен білім алу үшін тағы бір мүмкіндік қосылды. Біздің зауытта 5 мың жұмысшы бар. Олардың жартысы — жастар. Мен осында 2005 жылдан бері еңбек етіп келемін. Жұмысшысы ретінде барлық жеңілдіктерді пайдаланудамын. Ал қазір мемлекеттік бағдарламамен алынатын үйдің 20 пайызын салу керек болса, оның он пайызын зауыт төлейді. Осындай жолмен Батыс-2 ауданынан үй алып жатқандар бар. Айлығымыз тұрақты,—деді автокөлік цехының ауысым басшысы Руслан Гатсаев.

Өндірістік қауіпсіздік бойынша жетекші маманҚаныбек Есенжолов зауыттағы әр ұлт өкілдерінің татулығы мен ауызбіршілігі жайлы айтып берді.

Жолдаудан түйгеніміз — билік пен халықтың жақындасуын байқадық. Ол көрініп жатыр. Біздің зауытта рухани демалыс сыйлайтын іс-шаралар жетерлік. Жұмысшыларға спортпен айналысуға арналған алаңдар бар, мәдени-мерекелік кештер, кездесулер өткізіледі. Сайыстар, «Жайдарман» ойындары ұйымдастырылады. Зауытта «Жастар кеңесі» жұмыс жасайды,— деді ол.

«Қазхром» бастауыш партия ұйымы  қаладағы ең үлкен бастауыш партия ұйымы болып саналады. Мұнда 3 мыңға жуық партия мүшесі бар.

Самат НАРЕГЕЕВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button