Жаңалықтар

Еңбекақы дұрыс ескерілді

Сейсенбі күні Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияда мәдениет саласының қызметкерлеріМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.

Жиынға облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Айбек Купенов, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрдәулет Алдашев, облыстық мәслихаттың депутаты, белгілі әнші Светлана Айтбаева, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның директоры Елубай Кенжалиевтер қатысып, Жолдауда айтылған негізгі міндеттер туралы өз ой-пікірлерін айтты.

Мәдениет саласы қызметкерлері үшін биылғы Жолдаудағы маңызды жаңалық — Мемлекет басшысының келесі жылдан бастап аталған сала қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуді тапсыруы.

Басқосуда көпшілік Президент Жолдауда айтылған бағыттардың мемлекеттің дамуына, халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс жағдайының көтерілуіне, сондай-ақ мемлекетімізді жаңа деңгейге шығаруға ұтымды реформалар жазылғанын айтып, өз ойларымен бөлісті.

Жиын соңында филармония директоры Елубай Кенжалиев әріптестерін жұмыла еңбек етуге шақырып, келген қонақтарға алғыс айтты.

А.АЙДАРОВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button