Экономика

Екі мыңнан астам мұнайшының еңбек жағдайы жақсарады

Кәсіподақ

Кәсіподақтар федерациясы облыстың жұмыс берушілерімен жүйелі келіссөздер жүргізіп, нәтижесінде мұнай-газ саласының 2000-нан астам қызметкері үшін еңбек жағдайын жақсартуға және жалақыны арттыруға қол жеткізілді.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Сатыбалды Дәулеталин Қазақстанның батыс облыстарындағы бірқатар жұмыс берушілермен кездесулер өткізді.

Ол Ақтөбеде «Ұлы қабырға» Қазақстан-Қытай бұрғылау компаниясы» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті.

«Ұлы қабырға» ҚҚБК» ЖШС  жоғары білікті қызметкерлері, бәсекеге қабілетті технологиялары мен озық жабдықтары бар және ұңғымаларды бұрғылау, бекіту және күрделі жөндеу саласындағы тапсырыс берушілерге кешенді қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін жетекші мамандандырылған бұрғылау кәсіпорындарының бірі болып табылады. Компанияда кәсіпорынның жергілікті кәсіподағының мүшелері болып табылатын 900-ден астам адам еңбек етеді.

Кездесу бұрынғы ұжымдық шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты жаңа ұжымдық шарттың жобасын талқылауға арналды.

Кездесуде Сатыбалды Дәулеталин шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелеріне ерекше назар аударды, бұл көбінесе еңбекақы төлеудің сәйкессіздігіне алып келеді. Ол осы кәсіпорындардың болашақ қызметкерлерін оқытуға міндетті, яғни қазақстандық мамандарды оқытумен, олардың еңбекақы деңгейін көтеру үшін біліктілігін арттырумен айналысуы тиіс екенін атап өтті.

Сондай-ақ, кездесуде жалақыны уақтылы төлеу, жалақысы төмен қызметкерлердің жалақы деңгейін арттыруды қамтамасыз ету, қызметкерлерді жаппай қысқартуға жол бермеу, сондай-ақ өндірістік жарақаттану жағдайларын болдырмау мәселелеріне назар аударылды.

Компанияның бас директоры Чжан Цзюнь айтқандай, қызметкерлердің жағдайын жақсарту бойынша айтылған ұсыныстар жаңа ұжымдық шартқа енгізіледі, соның ішінде Қазақстанның ұлттық мерекелерінде қызметкерлерге сыйақы беру және жыл қорытындысы бойынша белгілі бір нәтижелерге қол жеткізгені үшін сыйақы төленетін болды.

Тұрақты әлеуметтік ахуалды сақтау және «М-Техсервис» ЖШС-де бұрын байқалған еңбек дауларын болдырмау мақсатында кәсіподақ делегациясы аталған компанияның бас кеңсесіне барды. Бұл компания бұрғылау, күрделі авариялық жұмыстарды қоса алғанда, ұңғыманы жөндеу, ұңғыманы айдау, кен шоғырларын әзірлеу және каротаж, геофизикалық және гидродинамикалық зерттеулерді жүзеге асыратын мұнай сервистік кәсіпорындарының бірі болып табылады. Ақтөбедегі «М-Техсервис» ЖШС-да 400-ден астам адам жұмыс істейді, олардың орташа жалақысы 170 мың теңгені құрайды.

«М-Техсервис» ЖШС бас директоры Ван Сяоюнмен кездесудің негізгі тақырыбы Маңғыстау облысындағы кәсіпорындағы жағдайды реттеу және компания ішіндегі еңбек қақтығысының одан әрі ушығуына жол бермеу бойынша нақты шешімдер қабылдау болды.

С.Дәулеталин компания басшылығына ұжымдық шарт жобасын қарау бойынша қызметкерлердің өтінішін үш ай елемеуге жол бермеу және тиісінше, ҚР заңнамасына сәйкес ірі айыппұл қаупі бар және осы мәселе бойынша келіссөздерге қатысудан жалтарғаны үшін жауапкершілік туралы айтты.

Кәсіподақ федерациясы төрағасының орынбасары қызметкерлер мен жұмыс беруші арасындағы өзара қарым-қатынасты әлеуметтік серіктестік деңгейінде дамытуға ықпал ететін басты құралдардың бірі ретінде ұжымдық шартты тезірек жасаудың маңыздылығын атап өтті.

Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан мұнайының 120 жылдық мерейтойына байланысты қызметкерлерге сыйақы төлеу, ұлттық мерекелер мен бірқатар жағдайларын жақсартуға бағытталған мәселелер ұжымдық шартқа кіретін болады.

Сонымен қатар С.Дәулеталин «Шығыс мұнай сервистік компаниясы» ЖШС бас директоры Чжан БаоЦзюньмен де кездесті. Бұл компания негізінен 1 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейтін Ақтөбе облысының аумағында сервистік жұмыстардың ауқымды көлемін орындауды қамтамасыз етеді. Компания қызметінің негізгі түрі мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау болып табылады.

Кездесудің басты тақырыбы ұжымдық өтініште көрсетілгендей қызметкерлерінің жалақысын ұлғайту болды. Келіссөз шеңберінде Кәсіподақ федерациясы төрағасының орынбасары компания басшылығына кәсіпорындағы жағдайды реттеу бойынша алдын ала шаралар қабылдауды ұсынды.

Сондай-ақ, ол қызметкерлердің ұжымдық өтініш білдіру фактісі еңбек жағдайларына наразылықтың білдірілуі болып табылатынын және кәсіподақ кәсіпорын қызметкерлерімен бірге ҚР Заңнамасы аясында оларды жүзеге асыруға қол жеткізетінін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Чжан Баоцзюнь қызметкерлердің талаптары оң шешімін табатынына сендірді, жақын арада жергілікті кәсіподақпен және барлық бұрғылау бригадаларының өкілдерімен бірлесе отырып мәселені шешу бойынша әңгіме өткізіледі.

Жүргізілген келіссөздер мен кәсіподақтың үйлесімді жұмысы нәтижесінде Ақтөбе облысының мұнай-газ саласының 2000-нан астам қызметкері үшін еңбек жағдайын жақсарту және жалақыны арттыру мәселесін шешуге қол жеткізілді.

Кәсіподақ федерациясы кәсіподақтарының жұмысы ұжымдық шарттар санын ұлғайтуға, еңбек дауларын шешуге, еңбек қатынастарын заңдастыруға, жұмыс орындарын сақтауға және қауіпсіз еңбек жағдайларын құруға бағытталған.

 Н.ДАБЫЛОВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button