Әлеумет

Діни сауаттылық — оқушылар қауіпсіздігі

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында облыстық дін істері басқармасы қалалық білім бөлімімен бірлесіп, белгіленген уақытқа сай қала мектептерінің жоғары сынып оқушыларымен кездесулер ұйымдастырып жүр. Бұл жолы кездесу №26 орта мектептің мәжіліс залында өтті.

Кездесу барысында облыстық дін істері басқармасының бас маманы Ольга Вороневич 9-11 сынып оқушыларына дін тақырыбына қатысты дәріс оқып,  барынша ашық сөйлесуге тырысты. Түсіндіру жұмысын оқушылардың қандай секта, ұйымдарды білетіндерін сұраудан бастады. Оқушылар да дін тақырыбына қызығушылық танытып, белсенді қатысып отырды.

Дәріскер тыңдармандарына қазіргі таңда қоғамда рухани дағдарыс тереңдеп, жат ағымдардың белең алып тұрғанын айтып, сондықтан да діни сауатты болуымыз керек екенін түсіндірді.

Айталық, діни экстремизм адамдар арасына іріткі салуға, өшпенді болуға, қантөгіс ұйымдастыруға жол ашады. Жастардың кейбірі діни сауатсыздықтың кесірінен теріс ағымдардың жетегінде кетіп қалады.

  • Интернет — алақанымызда. Ата-ана жұмыста болғанда, бала өзі таңдаған тақырыпты қарайтыны тағы бар. Діни сауатсызға интернет бәрін үйретіп жатыр. Осындай жағымсыз жайттардың алдын алу үшін біз дін тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жиі жүргіземіз, — дейді дәріскер Ольга Александровна.

 Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button