Әлеумет

Уағызбен арбайды

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде, жастар арасында радикалдық ағымдар идеяларының таралуының алдын алу мақсатында, студенттермен кездесу өткізілді.

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында өткен жиынға теолог мамандар, аталмыш оқу орнының оқытушылары және студент жастар қатысты.

Радикалдық діни ағымдар ұстанушылары өз идеяларын біздің ұлттық мәдениетімізден, рухани дәстүрлеріміз бен құндылықтарымыздан жоғары қояды және өз қармақтарына іліккен жастардыосы дәстүрлер мен құндылықтарды ұстанатын қоғамға, яғни сіз бен бізге жек көрінішпен қарауға жетелейді. Теріс пиғылды діни ағымдардың үгіт-насихатына еріп, ықпалына түсіп қалмау үшіннені қаперде ұстау керек?

Бұл жөнінде жастарға облыстық дін істері басқармасы жанындағы «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының бөлім басшысы Нұрмұхамбет Разақов әңгімеледі.

Оның айтуынша, деструктивті діни ағымдар жастарды өз қатарларына тарту мақсатында, негізінен, әлеуметтік желілерді белсенді түрде пайдаланады.

— Әлеуметтік желілер арқылы келген діни мазмұндағы уағыздарға әрдайым сақ болу керек. Жастар әдетте оларды елеп-екшеуден өткізе бермейді. Сондықтан мазмұны күдікті уағыздарды дереужойып жіберген дұрыс, әсіресе, оларды әлеуметтік желілер арқылы басқаларға таратуға болмайды, мұндай жағдайда заң алдында жауап беруге тура келеді, — деді Нұрмұхамбет Разақов.

Ол дінге бет бұрғысы келетін жастарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты мешіттердің ресми сайттарын пайдалануға кеңес берді.

Кездесу соңында теолог жастардың сауалдарына жауап берді.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button