Әлеумет

Тұрғындарға кеңес берді

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы бойынша Ақтөбе қаласындағы  емдеу мекемелері тұрғындарға медициналық кеңес беріп жатыр.

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің отбасылық медицина клиникасы тұрғындарды таңертеңгі уақыттан бастап қабылдады. Терапевт, кардиолог, хирург, лор, педиатр, балалар хирургі секілді мамандар келушілерге кеңес берді. Клиниканың бас дәрігері Әлия Мұхтарқызының айтуынша, екпеден бас тартқан ата-аналарға да түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Қазіргі күні емдеу мекемесіне қарасты жиырмаға жуық ата-ана екпеден бас тартып отыр. Оның ішінде балаларының науқастығына байланысты және діни көзқарасы бойынша қарсылық танытушылар бар. Дегенмен соңғы уақытта түсіндіру жұмыстары өз нәтижесін беруде. Екпе алушылардың қатары көбейіп келеді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button