Ауыл

АУЫЛ АЖАРЫ — ОРТАҚ АБЫРОЙ

Біздің ырғыздық оқушылар да мамырдың 26-сы — шілденің 31-і аралығында облыс әкімінің бастамасымен басталған «Ауылдың гүлденуі —  Қазақстанның гүлденуі» атты марафон-эстафетаға тиісті деңгейде қатысты.

«Марафон-эстафетаға 8-10 сынып оқушылары қатысып, аудандық білім бөлімінің бұйрығымен командалық пункт мүшелері мен топ жетекшілері бекітілді. Марафон-эстафетаға облыстық бюджеттен 10 818,0 мың теңге қаржы бөлініп, еңбек жалақы үшін — 3 552,7 мың теңге, тамақпен камтамасыз етуге — 2 261,3 мың теңге, жұмыс киімдеріне — 1507,0 мың теңге, құрал-саймандар үшін — 1 481,0 мың теңге қаржы жұмсалды, — дейді бізге аудандық білім бөлімінің қызметкері, аудандық штабтың хатшысы Алмагүл Бекниязова. — 40 топ, яғни 8 отряд құрылып, 9 бағыт бойынша түрлі жұмыстарға барлығы 1005 оқушы тартылды. Марафоншылар саябақтар мен гүлзарларды абаттандырды, 97 көшені, 30 га Ырғыз, Нұра, Торғай өзендерінің жағалауларын, 14 га Шибұлақ, Шалқар, Нұра, Тәуіп, Қызылжар-Ырғыз бағытындағы жол бойын тазартты. Ырғыз селосындағы «Алақай» ойын алаңы мен «Арай» мәдениет үйін, сондай-ақ 5 нысанды тазалап, барлығы 190 тонна қоқыс шығарды. 2,6 га елді мекендерге жалғасқан аймақтарда тазалық жұмыстарын жүргізіп, 10 спорт алаңына жөндеу жұмыстарын жасады, 1500 тал отырғызды.

Марафон эстафетаны қортытындылау кеші осы айдың 27-сі күні де аудан орталығындағы «Арай» мәдениет үйінде өтеді.

Дархан МЕКТЕПБАЙ,

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

One Comment

  1. Қайран желге ұшқан мемлекеттің  қаржысы -ай?
    Енді балаларды қосып,ақша шығындау іске қосылды.
    Ырғыздағы саябақ пен гулзарды көруге шақырамыз !

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button