Әлеумет

507 мың адамның несиесі өтеледі

Елімізде белгілі бір санаттағы азаматтардың шағын несиелері өтеле бастады. Үкіметтің бұл шешімі аз қамтылған отбасыларды несиенің «қамытынан» босатуға барынша септігін тигізіп отыр.

26 маусым күні Президенттің«Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту туралы» №34 Жарлығы, іле-шала осы Жарлыққа түсініктеме жария етілді. Бұл түсініктемеде «еліміздегі әлеуметтік тұрмысы төмен топтағы азаматтар (көпбалалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, жалғыз асыраушысынан айырылған отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алатындар, жетім балалар) түрлі себептермен қиын жағдайға тап болып, өз атына алған кредиттік міндеттемелерін орындай алмай отырғандығы, көптеген азаматтардың борыш жүктемесі өсіп, таза табыс көлемі төмендеп отырғаны айтылған. Несиелерін өтеудің жолын таба алмай отырған  500 мыңға жуық адамның қарыздарының 86%-ынан астамының мөлшері 1 млн теңгеден аспайды. Берешектің орташа мөлшері — шамамен 300 мың теңге.

Қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмектесу, оларға өз отбасыларының қаржылық ахуалын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беру үшін Президент Үкіметке және Ұлттық Банкке біржолғы акция ретінде бірқатар шараларды қабылдауды тапсырды. «Мемлекет жоғарыда санаттарға кіретін азаматтардың 300 мың теңгеге дейін қарызы мен оған есептелген сыйақысын толық өтейді, бір талап — олардың биылғы 1 маусымға дейінгі берешегінің жалпы көлемі 3 млн теңгеден аспауы тиіс.

Қарыз алғандардың 55%-ы, яғни 250 мың адам үшін бұл негізгі қарызы мен сыйақыны қоса алғанда жалпы қарыз көлемін тұтастай төлеу дегенді білдіреді.

Қалған кредит алған азаматтардың  қарыздары 300 мың теңге мөлшерінде өтеледі. 2019 жылғы 1 шілдедегі мәлімет бойынша, банктерде және микроқаржы ұйымдарында кепілсіз тұтыну қарыздары бар барлық азаматтар үшін есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдар есептен шығарылады.

Қарыз алушылардың аталған төлемдерін есептен шығару, ең алдымен, екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарының есебінен жүргізіледі.

Сонымен қатар, кредит беруге, оған қатысты қызмет көрсетуге және жеке тұлғалардың мерзімі өткен берешегі 90 күннен асқан барлық кепілсіз қарыздарына байланысты тұрақсыздық айыбы, комиссия және өзге де төлемдер есептеуге тыйым салынады», — делінген Жарлыққа түсініктемеде.

Президент тұтыну кредиттеріне қатысты қалыптасып отырған жағдай қайталанбауы тиіс екендігін айтты. СондықтанҰлттық Банк қатаң шаралар қабылдап, шектен тыс тәуекелге барғаны үшін қаржы ұйымдарына жүктелетін жауапкершілікті күшейтуі тиіс.

Қаржылық ахуалын одан әрі нашарлатпау үшін табысы  күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға қарыздар беруге тыйым салынбақ.

Президенттің тапсырмасынан кейін Ұлттық Банк Үкіметпен, банктермен және микроқаржы ұйымдарымен бірлесіп 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша 300 мың теңгеден аспайтын сомада өмірлік қиын жағдайда қалған азаматтардың берешегін өтеу тетігін әзірледі.Ұлттық Банк Төрағасы Ерболат Досаевтың айтуынша, мерзімі 90 күннен асып кеткен жеке тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша кредитті беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты тұрақсыздық айыбын, комиссиялар мен өзге де төлемдерді есептеуге тыйым салынады. Бұл, өз кезегінде, азаматтарды берешектің үнемі өсіп отырған сомасынан қорғауға мүмкіндік береді. Ұлттық Банк Төрағасы сондай-ақ табысы күн көріс деңгейінен төмен азаматтарға қарыздар беруге тыйым салынатынын да алға тартты.

Бүгінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан несиесі кешірілуге жататын азаматтардың тізімі жасақталған. Тұрғындар борыш жүктемесін азайту бағдарламасына қатысу статусын eGov арқылы анықтай алады. Ол үшін ЭЦҚ  арқылы электронды үкімет порталының басты бетінде орналасқан «Борыш жүктемесін азайту бойынша бағдарламаға қатысу үшін статусын тексеру» электронды сервисінің көмегіне жүгінуге болады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, қазір тұрғындар арасында азаматтардың өз мәртебесін анықтай алмауына байланысты шағымдар бар

 Егер адам өзінің осы санатқа жататынын негіздей алса, онда тізім толықтырылатын болады. АХАЖ деректер базасы цифрлық форматқа 2008 жылы көшірілгенін, бірақ 2008 жылға дейін жасалған азаматтық жағдай актілері барын және олардың цифрландырылмағанын, сондықтан деректер базасында жоқтығын ескеру қажет.  Бұл жағдайда азаматтар АХАЖ бөліміне барып, өзінің неке туралы куәлігін цифрландыруы қажет. Осылайша, өзектендіру режимінде біз осы азамат туралы мәліметтер аламыз, ал борыш жүктемесін азайту туралы тізімдер толықтырылатын болады, — деді С.Жақыпова.

Мәселен, ата-анасынан айырылған азамат неке туралы немесе туу туралы куәлігін цифрландыру үшін Білім және ғылым министрлігіне, ал заңды некеде тұратын отбасы мүшесі Әділет министрлігіне жүгінуі тиіс.

«Егер 29 жасқа дейінгі жетім адам өзін порталдағы тізімнен таппаған болса, ол өзін тізімге енгізу үшін Білім және ғылым министрлігінежазбаша түрде жүгіне алады. Бұлреттеолата-анасыныңқайтысболғанытуралыкуәліктіжәнетуутуралыкуәлігінқосымшаұсынуытиіс. Осылайша, тиістіминистрлік онлайн режимдетізімдібізгебереді, ал бізолардыпорталдатолықтыратынболамыз», — деді вице-министр.

С.Жақыпованың айтуынша, бүгінде несиебюросына 2 млн 289 мыңнанастамадамныңмәліметтеріберілген. Несиелері жоқ адамдар, жалпы қарыз көлемі 3 млн теңгеден асатындар және займдары коллекторлық ұйымдарға берілгендер тізімнен шығарылған. Нәтижесінде несиелері өтелетін 507 мыңға жуық адам анықталған.

«Қоғамда егер ерлі-зайыптылардың екеуінде де несие болған жағдайда ол қалай өтеледі деген сұрақ жиі туындайды. Егер Жарлық шарттарына сай келсе, екеуінің де несиесі өтеледі», — деді С.Жақыпова.

akorda.kz, nationalbank.kz, government.kz сайттарының материалдары бойынша әзірленді. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button