Пікір

Еріктілер сенімді ақтайды

Нұрбек ЖӘНІБЕКҰЛЫ,

«Жас сақшы» жастар жасағының басшысы

Жолдауда Президент еліміздегі еріктілерге қатысты «2020 жыл «Волонтер жылы» болып жарияланды. Еріктілер қызметіне азаматтардың, әсіресе жастардың, студенттер мен оқушылардың қатысу аясын кеңейту, олардың бойында белсенді өмірлік ұстанымдарға қатысты дағды қалыптастыру — маңызды міндет. Бұл —азаматтық қоғамды нығайту жөніндегі жұмысымыздың маңызды құрамдас бөлігі», —деген болатын.

«Жас Сақшы» жастар жасағының жанынан құрылған еріктілер тобымыз бар. Біздің негізгі міндетіміз – құқықбұзушылықтың алдын алу, яғни жастардытеріс ағымнан, теріс әрекеттерден арылту мақсатында белсенділікке шақыру болып табылады. Оларды күндізгі және түнгі рейд, одан басқа қайырымдылық шаралары сияқты түрлі іс-шараларға қатыстыру. Қайырымдылық жасау, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, қарттарға көмек беру —біздің міндетіміз. Әр жастың бойына осындай жақсы қасиеттерді сіңіріп, оларды белсенділікке шақыратын болсақ, бұл біз үшін қуаныш.Келер жылдың  Еріктілер жылы деп аталуы бізді қуантып, үлкен үміт артылып отыр. Сондықтан да бізді қолдағаны үшін алғысымызды білдіреміз. Соған орай біз студенттерді, жастарды белсенділікке, қоғамда жақсы қызмет атқаруға шақырамыз. Біздің «Жас сақшы» жастар жасағы еріктілер тобы бір жыл бұрын өз жұмысын бастаған болатын. Еріктілер тобындағы жастар белсенділігімен облыстағы көптеген іс-шаралардың жоғарғы деңгейде өтуіне атсалысып келе жатыр. Қазіргі таңда 100-ге жуық белсенді еріктілер бар, әлі көбейетіндігіне сенімдемін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button