Басты бет » Ауыл » Жергілікті өнім, арзан баға

Жергілікті өнім, арзан баға

Ауыл күні

Өткен аптада Степной ауылдық округінің күні өтіп, аудан тұрғындары мен қонақтарына кең дастарқан жайылып, ән мен биден шашу шашылды.  

Ауыл күнінде ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізіліп, барлық сөрелер ет пен сүт өнімдеріне толды. Арзан бағаға ұсынылған жәрмеңкеде тұтынушылар өнімдерге таласып қалды.

Айта кету керек, бүгінде округтегі «Степной» ЖШС-да 20-дан астам пісірілген және сүрленген өнім түрлері бар. Серіктестіктің барлық өнімдері облыста кең сұранысқа ие.

Ал округ тарихына келсек, 1956 жылы құрылған округтің жалпы аумағы — 71 452 гектар, бүгінде 870 тұрғыны бар.

Ауыл күнінде аталған серіктестіктің директоры Аманғос Төлеуов осындай шаралараудандағы барлық ұлт өкілдерінің басын қосып, бірлікке жұмылдыратынын жеткізді.

Бұл күні орталық алаңға жиналған халықтың қарасы көп болды. Концерттік бағдарламалар өткізіліп, спорттық және балаларға арналған ойындар ұйымдастырылды.

Бұл шарада біз аудан тұрғындарына Степной ауылдық округін жан-жақты таныстырып жатырмыз. Ауылдың таза өнімдерін әкеліп, өнерпаздарымыз өз өнерлерін көрсетуде, — дейдіокруг әкімі Гүлмайра Нұреділова.

Шара соңында округ әкімі бір топ азаматтарды Алғыс хатпен және естелік сыйлықтармен марапаттады. Олардың қатарында мәдениет, ауылшаруашылық саласының өкілдері, сондай-ақ зейнеткерлер бар.

Сондай-ақ шара аясында «Мектепке жол» акциясы шеңберінде округтегі көпбалалы ана Венера Дымқароваға көмек көрсетілді.

Қанат БАҚТИЯРОВ,

Қарғалы ауданы.