Жастар

Менторлар хромтаулық жастармен кездесті

Жастар жылы аясында «KAZBRANDS» қоғамдық қоры еліміздің барлық өңірінде жастарды ынталандыру жұмысын жүргізу үшін менторлар тобын оқытуды ұйымдастыруда. Осы бағытта кәсіби менторлар тобы Хромтау ауданы Дөң және Абай селолық округінің 14-29 жас аралығындағы жастары арасында «Мақсаты айқынның болашағы жарқын» тақырыбында мотивациялық тренинг өткізді.

Тренингті арнайы оқытылған кәсіби менторлар, атап айтсақ, кәсіпкерлер А.Бижанова, А.Имашева, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының профессоры Р.Есберген, Хромтау тау-кен колледжінің оқытушылары Г.Ізтаева, Г.Оразбаевалар өткізіп, жастарға жан-жақты бағыт берді.

Тренинг барысында жастар алға мақсат қоюдың мәнін анықтау үшін «Алтын балық» тапсырмасын орындап, SMART және коучинг технологиясының негізгі сұрақтарымен танысты. Сондай-ақ тренингке қатысушылар​ брейнсторминг әдісі арқылы «Табысты адамның» ережелерін әзірлеп, өзара пікір алмасты.

Басқосу соңында жастар менторларға ризашылығын білдіріп, бірқатары менти ретінде тіркелді.

 Д.ҚАЗИХАН. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button