Мәдениет

Наурызды біз де тойладық

Облысымызда өтіп жататын мерекелерді халыққа жеткізіп, қуанышқа ортақтасып жүретін «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС-ға қарайтын «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттері де Наурыз мейрамын ұжым ішінде атап өтті. Қолдары қаламнан босай бермейтін журналистер қауымы екі орда құрып, бөлмелеріне шағын киіз үйлер тікті.

Қашан да өнерге жақын қалам иелері бойларындағы бар өнерлерін әз Наурызға арнады. Екі редакцияның ұжым мүшелері мерекеге орай өнер, спорт түрлерінен сынға түсті. Әсіресе, «Наурыз аруы» байқауына қатысқан қыздарымыз ұлттық дәстүрлеріміз бен салттарымызды көз алдымызға көрсетіп-ақ берді. Өзін таныстыру, өнер көрсету, қазақи болмысымызға сәйкес сұрақтарға жауап беру секілді байқауларда қай-қайсысы да өздерінің білгірліктерін байқатты. Терімші Мөлдір Жаңабаева әншейін күндердегі биязы қалпын сақтап, ұлттық салт-санамыздағы да ерекшеліктерді тағы бір дәлелдеді. Бухгалтерия бөлімінің қызметкері Бану Елебаева жас та болса қазақ қыздарына ғана тән қылығымен көрінді. Дегенмен сайыстың аты – сайыс. Муапық Баранқұлов, Зәкіржан Кәлкенбаев, Индира Өтеміс қазылық еткен алқа тілші Кәмшат Қопаеваны «Наурыз аруы» деп таныды. Төрт номинация бойынша Әсия Нұрпейісова, Мөлдір Жаңабаева, Ләззат Тайлақова, Бану Елебаева жүлдегер атанды.

«Актюбинский вестник» газетінің ұжымы Құнанбай ауылын бейнелеп, ғасырлар қойнауына сапар жасады. Құнанбай ролін сомдаған Серік Ахметов, Зере әже болған Мәлика Түгелова, бала Абай Асхат Қалжанов, Ұлжан ана Әлия Ділімова кәдуілгі әртістердей өнер көрсетті. Фототілші Хайреден Раушановтың қолынан домбыра түспеді.

Бұл күні армрестлинг, арқан тарту, шығыр айналдыру секілді спорт түрлерінен жарыстар өтті.

Қашан да игі істерге қолдау көрсетіп жүретін «Нұрдәулет» ЖШС директоры Борис Байжарқынов газет ұжымы үшін киіз үй бөліп, көмегін көрсетті.

Бердібай КЕМАЛ.

Басқа жаңалықтар

3 Comments

  1. Камшатты «Шамшырактагы» баска арулармен сайыска ким тусирип журген. Ол онсыз да ару гой!!! Камшпен жарысамын деп журген кайсын а?!?!  Дегенмен, Камш озинин мыкты екенин далелдеди! Куттыктаймыз!!!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button