Әлеумет

26 кездесу өтіп, 3509 адам қамтылды

Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының бірінші бағытының төртінші ақпараттық тобының өкілдері 20 тамыздан бастап Ақтөбе қаласы мен қала маңындағы ауыл тұрғындарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Жұма күні жұмыс тобы Қарғалы елді мекеніндегі «Геолог» мәдениет үйінде болып, кездесу өткізді.

Облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Бақыт Айдосов жиылған қауымға ақпараттық топтың негізгі мақсат-міндеттеріне тоқталып, тұрғындар тарапынан қойылған бірде-бір сұрақтың жауапсыз қалмайтындығын айтты.

Жиында алдымен сөз алған Қазақ-орыс халықаралық университетінің доценті, экономика ғылымдарының кандитаты Ұбайдолла Мәмбетов Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауының басты бағыттарына тоқталып, Президент жүктеген негізгі міндеттерді бірлесе орындауға шақырды. Жолдауға өзінің экономист ретіндегі пікірін білдірген Ұбайдолла Мәмбетов, оның үшінші бағытына жіті тоқталды.

Ал бұдан соң сөз алған «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облыстық филиалының бөлім басшысы Салтанат Оңғар Қарғалы елді мекенінің тұрғындарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жайында толық мәлімет берді.

Айтуынша, енді міндетті әлеуметтік медициналықсақтандыру жүйесі бойынша медицина қызметінің пакеті сақтандырылған және сақтандырылмаған азаматтарға көрсетілетін пакет деп екіге бөлінетін болады.

— Кез келген мемлекеттік емханаға келген азамат ең алдымен тіркеу бөліміне барып, ЖСН нөмірі арқылы өзінің сақтандырылып не сақтандырылмағандығы жөнінде біледі.  Егер азамат сақтандырылған болса, ол жоғары технологиялық медициналық қызметтердің барлығын ақысыз түрде пайдалана алады. Ал сақтандырылмаған жағдайда, тек терапевт,педиатр және жалпы дәрігердің көмегін ғана ақысыз түрде ала алады. Қалған дәрігерлерге көріну мемлекеттік емханалардың өзінде де ақылы түрде жүргізіледі. Егер емханаға келген азамат әлеуметтік аурулар немесе созылмалы ауру түрлерімен ауыратын болса, ол дәрігерлерге ақысыз түрде көріне алады, —деді ол.

Мемлекет медициналық сақтандыру қорына 15 категориядағы 10,1 миллион қазақстандық үшін жарна төлейді. Олардың қатарында зейнеткерлер, мүгедектер, 18 жасқа дейінгі балалар, студенттер, жұмыссыз азаматтар(жұмыспен қамту орталықтарында міндетті түрде тіркелген болуы тиіс), бірыңғай әлеуметтік көмек алатындар азаматшалар мен декреттік демалыста отырғандар бас бостандығынан айырылған азаматтар, жұмыссыз оралмандар бар.

Ал «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры»  акционерлік қоғамы Ақтөбе облыстық филиалының 2018 жылдан бастап «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс жасап жатқандығын айтқан маман Сымбат Құлмағанбетова оның тиімді тұстарына тоқталды. Сондай-ақ ол зейнетақы қорында болып жатқан соңғы жаңалықтармен бөлісіп, тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» лидер кеңесшісі Тұрар Байлиев «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы» бағдарламалары туралы мәлімет беріп, оның басты талаптарын айтты.

Облыстық ішкі саясат басқармасы берген мәліметке сәйкес, жоба басталғалы бірінші бағытының төртінші ақпараттық тобы 26 кездесу өткізіп, 3509 адамды қамтыған. Шара 20 кыркүйекке дейін жалғасады.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button