Пікір

Әскер — ел айбыны

Марат ҚОЙЛЫБАЕВ,

ауған соғысының ардагері, «Құрмет» орденінің иегері

Жолдауда әскери әлеуетті нығайту мәселесіне ерекше көңіл бөлінген.

Атап айтқанда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің алдымызда жаңа тұжырымдама негізінде тегеурінді әскер қалыптастыру міндеті тұр. Арыста болған оқиғалар Қарулы Күштерде түйткілді мәселелер қордаланып қалғанын көрсетті. Әскерге жұмсалатын шығыстарды реттеп, осы саладағы қаржы жүйесін және жалпы тәртіпті нығайтатын кез келді. Сонымен бірге әскери қызметтің беделін арттырып, Қарулы Күштердің материалдық базасын нығайту қажет. Отанына адал, кәсіби тұрғыда дайындалған  офицерлері мен әскери қызметшілері бар армиямыз жаңа геосаяси жағдайларда ел қауіпсіздігіне қауіп төндіретін қатерлерге тойтарыс беруге дайын болуы керек» — деді.

Мемлекет басшысының бұл сөздерін толығымен қолдаймын. Қуатты әскер тәуелсіз елдің тыныштығы мен бейбітшілігін қамтамасыз етіп, жарқын болашаққа жол ашады. Сондықтан бұл саладағы түйткілді мәселелер көп ұзамай шешімін табады деп ойлаймын.

Иә, биылғы Арыстағы оқиға кім-кімді де бейжай қалдырмағаны анық. Арыс оқиғасының зардаптарын жою мақсатындағы мемлекет басшысының тапсырмалары уақытында орындалады деп үміттенеміз.

Оқ пен оттың ортасынан аман оралған, бейбітшіліктің қадірін жақсы білетін ауған соғысы ардагерлері жас буынға әскери-патриоттық тәрбие беру бағытындағы жұмыстарға  белсенді түрде атсалысатыны сөзсіз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button