Денсаулық

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНЫҢ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) қорының жеке байланыс орталығы іске қосылды. Тұрғындар 1406 нөмірі арқылы медициналық сақтандыруға қатысты кез-келген сұраққа жауап алуға, кеңесуге, ал жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының иелері МӘМС бойынша жарна мен төлемдер туралы, қормен келісімшартқа отырған жекеменшік клиникалардың тізімі туралы біле алады, орталық арқлы өтініш және шағым қалдыруға да болады.
Қоңырау соғу Қазақстан бойынша тегін. Байланыс орталығы жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді.
Сондай-ақ, МӘМС-ке қатысты толық ақпаратты азаматтарды қабылдау кабинетінен біле алады. Мұндай кабинеттер Қордың әр аймақтағы филиалында 2020 жылдан бастап жұмыс істейді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020-жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жүзеге асырылады.

М.РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button