Экономика

25 ауқымды  инвестициялық жоба жүзеге асады

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин ҚР Сыртқы істер министрлігі Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Хаировты қабылдады.  Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов және «Ақтөбе» ӘКК «ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы Руслан Мамунов қатысты.

Облыс басшысы екі жақты кездесу барысында  өңірде жүзеге асатын инвестициялық жобалар туралы айтып берді.

«Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында  да  инвестиция көздерін тарту  мәселесіне ерекше тоқталып өтті. Соның аясында   өз тарапымыздан инвесторларды тарту үшін жан-жақты жұмыстар жүргізудеміз, шетелдік инвесторлардың  өз жобаларын  жүзеге асыруға жедел кірісуіне  жағдайлар жасалуда.

Индустриялық аймақта жалпы сомасы 22,8 миллиард теңге болатын 9 жоба жүзеге асырылып, 477 жаңа жұмыс орны ашылды. Облыс бойынша жалпы құны 190 миллиард теңге болатын 25 ірі инвестициялық жоба, шетелдік капиталдың қатысуымен 1,1 триллион теңгеге 19 жоба іске асырылу үстінде», — деді Оңдасын Оразалин.

Сондай-ақ, Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші Ерлан Хаиров  өңірге жасаған іс-сапары барысында көптеген нәтижелі жұмыстармен танысқанын, Ақтөбе облысы еліміздегі бизнесті жүргізуге қолайлы аймақ екенін жеткізді. Министрлік тарапынан дайын жобалардың жүзеге асуына қолдау көрсетілетінін де айтты. Басқосуда инвестиция тарту мәселесінен өзге өнеркәсіпті дамыту, өңірлік фронт-кеңселердің қызметін одан әрі жетілдіру ұсыныстары қаралды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button