Жаңалықтар

Ақшатта жаңа балабақша ашылды 

Сәрсенбі күні Ақтөбе қаласындағы Ақшат елді мекенінде «Alan» балабақшасының салтанатты ашылурәсімі өтті. Жаңа бөбекжай 144 балаға шақталған.

Балабақшаныңиесі, жеке кәсіпкер Гүлсана Тасымованың айтуынша, ғимараттың аумағы 1037,8 шаршы метрді құрайды. Құрылысқа 120 миллион теңге қаражат жұмсалыпты.

Салтанатты шарада Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева:

— Ұзақ жылдар бойы Ақшат елдімекенінде мектеп мәселесі өте езекті еді, керемет ғимарат салынып берілді. Енді, міне, балабақшаның ашылу салтанатына жиналып отырмыз. Осының бәрін ескере келе, сіздерді бақытты тұрғындар деп санаймын. Өйткені балалар тәрбиеленетін, білім алатын жер бар. Мұнда енді оқу-тәрбие жұмысы дұрыс жолға қойылады деп сенім білдіремін.

Балаларымыз бақытты болсын! Осындай ғимараттар көптеп салына берсін! Ең бастысы, еліміз аман болсын! — деп лебізін білдірсе, қариялар жиналғандарға бата беріп, шашу шашты.

Балабақша 4 топқа жасақталған. Мектепке дейінгі ұйымда жатын, ойын бөлмелері,  асхана, медициналық кабинет бар. Мұнда кішкентайлармен психолог, логопед, музыка мамандары жұмыс істейді.

Жаңа ғимараттың ауласы да талапқа сай жабдықталыпты. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ойын алаңдары, орындықтар, өзге қажетті құрал-жабдықтар орнатылыпты.

Аптасына 5 күн жұмыс жасайтын балабақшаға қазірден-ақ ата-аналар ұл-қыздарын тіркеп қойыпты.

Айбек СЕРІКҰЛЫ. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button