Пікір

Дамудың жаңа кезеңі басталды

Сұлупан ШЫНТАСОВА,

Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауы—Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясының жаңа саяси бағытын егжей-тегжейлі іске асыру құралы және кейбір аспектілер бойынша толықтыратын маңызды стратегиялық құжат саналады.

Президенттің халыққа арнаған алғашқы Жолдауы — тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жаңа кезең. Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігін арттыруға, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, инклюзивті экономика құруға, әлеуметтік модернизацияны жүргізуге және аймақтарды дамытуға бағытталған бірқатар бастамаларды ұсынды.

ПрезидентЖолдауында проблемалық бағыттар мен оларды шешу жолдары               жан-жақты қамтылған. Бұл орайда мен қоғамдық кеңес жұмыстарына тоқталғым келеді. Қоғамдық кеңестердің қызметі — билік пен қоғам арасында тұрақты диалогтың көрінісі.  Құрамына кәсіпкерлер, мәдениет, медицина, білім салаларының өкілдері кіретін Ақтөбе қаласының қоғамдық кеңесінде мәселелер кеңінен талқыланып, азаматтардың барлық өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді шешуге ықпал етеді.

Президенттің «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» басымдығына назар аударсақ, отбасы және бала институтын қолдау, инклюзивті қоғам құру бастамасының маңыздылығын атап өткім келеді.

Біз, депутаттар, сайлаушыларға тұрақты түрде қоғамдық қабылдау жүргіземіз.  Бізге көп жағдайда қамқорлығында мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар жиі келеді. Олардың өзі түрлі мәселелерді алға тартады. Мүмкіндігі шектеулі балаларға, әсіресе балалардың церебралды салдану диагнозы қойылғандарына оңалту инфрақұрылымының даму деңгейінің төмендігі — ең өзекті проблема.

Кейде оңалту курсынан өту үшін балалар басқа аймақтарға баруға мәжбүр болады, бұл сөзсіз отбасы бюджетіне әсер етеді. Жоғарыда аталған проблемалардың шешілуін көздейтін шараларды әзірлеу кезінде жоспарланған бағыттар орындалады деп сенемін. Өз кезегінде депутаттар бұл бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетеді.

Президент балаларға қолжетімді болуы үшін шағын және орташа оңалту орталықтарының желісін кеңейту  қажеттілігіне назар аударды. Бұл — өте маңызды бастама, экономикалық тұрғыдан да тиімді. Осылайша, осы бағыттағы кәсіпкерліктің дамуына серпін беретін мультипликативтік әсер жасалып, қамқорлығында мүгедек балалары бар отбасылардың мәселелерін түбегейлі шешуге мүмкіндік болады.

Әрине, біз бұл стратегиялық құжатты жүзеге асыру үшін қолданыстағы заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізу, кейбір жерлерде жаңа заңнамалық актілерді қабылдау қажет болатындығын түсінеміз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауы оның сайлауалды платформасын жүзеге асыруының құралы саналады. Біздің еліміз реформалаудың жаңа кезеңіне қадам басып жатыр. Біз баянды бірлігіміздің арқасында маңызды міндеттерді сапалы орындай аламыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button