Пікір

Зейнетақы жүйесіндегі өзгерістің пайдасы

Нұрлыбек КЕРЕЙМАҒАНБЕТОВ,

Қобда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Президент Қ.Тоқаев биылғы Жолдауында халықтың көкейінде жүрген мәселелерді тап басып айтты.

Соның бірі — тұрғындардың зейнетақы жүйесіндегі жинақтарын пайдалануға қол жеткізуі. Зейнетақы қорында жинақталған қаржыны қазақстандықтар зейнеткерлікке шықпай тұрып, білім алуға немесе тұрғынүй алу үшін қолдануға болатындығы халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған игі қадам дер едім. Қоғамда соңғы жылдары осы мәселенің төңірегінде әңгімелер жиі айтыла бастағаны да белгілі. Президент Қ.Тоқаевтың бұл шешімі —  уақтылы қабылданған шешім. Зейнетақылық жүйе құлдырап кетпеуі үшін зейнетақы қорының  белгілі бір бөлігін жұмсау халыққа да, Үкіметке де қолайлы болады деп ойлаймын. Өйткені бұл кедейшіліктің алдын ала отырып, тұрғындардың бірқатар әлеуметтік мәселелерін шешуге көмектесетіні айқын. Екіншіден, бұл өзгеріс зейнетақы жүйесіндегі қордаланып қалған күрделі мәселелердің шешімін табуға, халықтың зейнетақы жүй       есіне деген сенімін арттыруға септігін тигізеді.

Президент осы мақсатта Үкіметке жыл соңына дейін жұмыс істеп жатқан азаматтарға өз зейнетақысы жинағының белгілі бір бөлігін мақсатты түрде пайдалануға мүмкіндік беретін механизм жасақтап, осы мәселені реттеуді тапсырды. Активтерді инвестициялық басқару сапасын арттыру мен оны жұмсауды оңтайландыру мақсатында бірыңғай әлеуметтік қор құру және бір әлеуметтік төлем енгізу арқылы бюджеттен тыс әлеуметтік қамтамасыз ету мәселесін зерттеу қажеттігін айтып, Үкіметке нақты тапсырма берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button