Пікір

Кәсіпкерлер салықтан босатылады 

ГүлнарШАМИЕВА,

«Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасы Ырғыз аудандық филиалының директоры.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы «Сындарлықоғамдық диалог – Қазақстанныңтұрақтылығы мен өркендеуініңнегізі» атты Жолдауында тиімдішағынжәне орта бизнестіңқала мен ауылдыдамытудыңберікнегізі екендігі анық айтылды.

Шағын және микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. «Атап айтқанда, ең алдымен ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады. Сонымен қатар, салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады. Сондай-ақ, жаппай кәсіпкерлікті дамыту санаға сіңген патерналистік пиғыл мен масылдықтанарылуға мүмкіндік береді», — деді Президент. Елімізде тәуелсіздік алғалы бері бизнес саласына қолдау көрсетіліп келеді. Жолдауда айтылғандай, мемлекет алдағы уақытта да бизнеске қолдау көрсетпек, осы мақсатқа Ұлттық қордан 100 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген.

«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан «Бастау» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жобасының да көздегені — өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз тұрғындарды кәсіпкерлікпен айналысуға тарту арқылы халықтың экономикалық белсенділігін арттыру. Ырғыз ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жұмыссыздарды кәсіпке баулу, жас кәсіпкерлердің кәсіптерін кеңейтуге бағытталған «Бастау» жобасы 2017 жылғы сәуір айынан бері жүзеге асырылып келеді.  Бұл жобаға деген ауыл тұрғындарының қызығушылығы өте жоғары. 2017-2018  жылдары «Бастау» бағдарламасы бойынша 174 адам арнайы курста оқыды. Соның ішінде 82 адам өз жобасын қорғап, оның 79-ы «Іскер»  бағдарламасы бойынша жеңілдетілген пайызбен 258,8 млн теңге несие алды. Бұл қаржыны ауылдықтар негізінен мал шаруашылығын кеңейту,жылыжай, құс өсіру, кафе ашу, шаштараз, тігін, жиһаз жасау, такси қызметтерін іске асыруға жұмсады.  Биыл«Бастау» бағдарламасы бойынша 70 ырғыздық білім алып, 39-ы өз кәсіптерін бастап кетті.

Президент Қ.Тоқаев Жолдауында  шағын және орта кәсіпкерліктің үш жылға табыс салығынан босатылатынын айтты. Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап шағын және орта кәсіпкерлікті тексеру де үш жылға тоқтатылады. Бұл «бастаулықтар» үшін қуанышты жаңалық болды. Себебі, кәсібін енді бастап, аяққа тұрып келе жатқан кәсіпкерлер үшін бұл — мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған зор қолдау.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button