Пікір

Өзекті міндет — азаматтардың қауіпсіздігі

Айбат ӘБИЕВ, 

Хромтау аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері,

полиция майоры

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған алғашқы Жолдауын жылы қабылдадым. Президенттің «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы Жолдауында менің жаныма жақын тигені — құқық қорғау органдарының қызметіне қатысты айтылған тұсы. Мемлекет басшысы өз сөзінде полиция азаматтардың қауіпсіздігі үшін қызмет көрсететін органға айналуы қажеттігі турасында айтты. «Ең өзекті міндеттердің бірі — құқық қорғау жүйесін толыққанды реформалау болып отыр. Мемлекеттік күштік құралы ретіндегі полиция бейнесі біртіндеп өткеннің еншісіне кетіп, ол азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызмет көрсететін органға айналады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, бірінші кезеңде, 2020 жылдың соңына дейін әкімшілік полиция комитетінің жұмысын қайта ұйымдастыру қажет. «Мұны науқаншылдыққа жол бермей, сапалы жүзеге асырған жөн. Полиция қызметкерлерінің жұмыс тиімділігі сол полиция қызметінің мәртебесіне байланысты. Ішкі істер министрлігін реформалауға алдағы 3 жылдың ішінде 173 миллиард теңге бағытталатын болады. Бұл қаражат жалақыны арттыруға, баспана жалдауға, халыққа қызмет көрсету орталықтары принципі бойынша заманауи полиция фронт-кеңселерін құруға жұмсалады», — деді Жолдауда Қ.Тоқаев.

Ішкі істер министрлігі жұмысын осындай бағытта реформалау арқылы біз дамыған елдер принципі негізінде жұмыс жасаудың жаңа моделіне көшетін боламыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button