Пікір

Ертеңгі үміт — бүгінгі жастар

Наурызбек Отарбек,

жастар ресурстық орталығының басшысы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа кезекті Жолдау жариялап, алда атқарылатын міндеттерді айқындап берді. Бұл ЖолдаудаМемлекет басшысы қазақ тілінің мәртебесі туралы баса айтып өтті.

«Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз қажет», — деді Президент өз сөзінде. Елдің болашағы, патриоты ретінде тіл мәселесіне көңіл аударған Мемлекет басшысының бұл сөзі маған айрықша әсер етті.

Мағжан Жұмабаев айтқандай, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, біз, жастар, бүгінгі азат күнде ана тіліміздің қадір-қасиетін түсініп, оның мәртебесі мен мерейін асқақтату жолында аянбауымыз қажет.

Жолдаудың кезекті тұсында Мемлекет басшысы келер 2020 жыл — Еріктілер жылы болып жарияланғандығын айтты. Сондықтан ендігі кезекте облысымызда еріктілердің санын арттыру, сондай-ақ оларға жағдай жасау — басты міндет.

Осыған орай биылғы жылдан бастап ауданда еріктілердің қатысуымен түрлі акциялар мен іс-шаралар өткізіліп, еріктілерді қолдау мақсатында арнайы жоспар әзірлеуді қолға алмақпыз.

Ел болашағы — жастарға үлкен сенім артқан Президентіміздің алдағы уақытта сенімін ақтап, мемлекетімізді дамытуға міндеттеген тапсырмаларын тиянақты орындауға уәде береміз.

Темір ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button