Мереке

Мереке күні жаңа мектеп пайдалануға берілді

Конституция күні Ақтөбе қаласы іргесіндегі Құрашасай ауылының «Қанағат» тұрғын массивінде 600 орындық жаңа мектеп  пайдалануға берілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысты.

Жаңадан ашылған   №77 орта мектепте 30 оқу кабинеті, спорт залы, 210 орынға арналған асхана, 130 орындық акт залы бар. Білім ордасында баланың оқуына, жеке тұлғаның шығармашылық дамуына, оқушылардың қызығушылықтарына байланысты түрлі үйірмеге қатысуына барлық мүмкіндік жасалған. Мектеп түгелдей бейнеқондырғылармен жабдықталған.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин мерекеге жиналғандарды Конституция күнімен тұспа-тұс келген жаңа мектептің ашылу сәтімен құттықтады. Оның айтуынша, биыл облыста 15 жаңа мектеп пайдалануға берілмек.  Соның 8-і Конституция күні әрі 1-қыркүйек- Білім күні қарсаңында халық игілігіне беріліп отыр. Соның бірі- Құрашасайдағы осы мектеп.

Мектеп құрылысын «Интеграл XXI» ЖШС жүргізген. Құрылыстың жалпы құны-

1 389 558 240,00 теңге. Мектеп алаңы абаттандырылған, дене шынықтыру сабағы мен спорт жаттығулары үшін арналған арнайы алаң да бар.

Салтанатты шараға қатысушылар дәстүр бойынша лента қиып, мектеп ішінің жабдықталуын қарап шықты.

 Арайлым НҰРБАЕВА.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button