Мереке

Мерекелеріңізбен!

Құрметті ақтөбеліктер!

Баршаңызды еліміздің ұлық мерекесі — Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Конституция — тұрақтылық пен өркендеудің сенімді іргетасы, әрбір қазақстандықтың құқығы мен еркіндігінің кепілі.
Мемлекет басшысының сарабдал саясатының арқасында Қазақстанда ұлттар достығы, қоғамдық және рухани келісім, саяси тұрақтылық салтанат құрып отыр.
Бұл біздің қоғамымыздың ерекше құндылықтарын құрайтын конституциялық құрылымның басты негізі.
Отанымыздың табысты және серпінді дамуына ақтөбеліктер де лайықты үлестерін қосуда.
Біздің өңіріміз жыл сайын қарыштай дамып келеді. Облыс тұрғындарының жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалып, мектептер мен балабақшалар көптеп салынуда.
Медициналық қызметтің сапасы артып, спорт, мәдениет және әлеуметтік нысандар ел игілігіне пайдалануға берілуде.
Ең бастысы, қоғамда ауызбіршілік, бейбітшілік пен келісім мығым орнығып отыр. Осы жетістіктердің барлығы біздің Ата Заңымыздың негізінде жатыр.
Мерейлі мереке қарсаңында баршаңызға мықты денсаулық, отбастарыңызға амандық, молшылық, ашық аспан тілеймін!
Тәуелсіз Отанымыз – Қазақстан гүлдене берсін!

Ақтөбе облысының әкімі
Оңдасын ОРАЗАЛИН.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button