Әлеумет

Көпбалалы ананың алғысы

Биыл Ақтөбе облысы бойынша бюджеттен атаулы әлеуметтік көмекке 8,3 миллиард теңге қарастырылған. Бүгінге дейін аталған қаржының жартысы мұқтаж отбасыларға берілген. Ресми мәліметтерге сүйенсек, облыс бойынша 80 мыңнан астам отбасының атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар. Бүгінгі күні аудандарда да мұқтаж отбасыларға жан-жақты қолдау көрсету жұмыстары жүргізілуде.

Бақытгүл Айдынбекова — Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылының тұрғыны. 4 бала өсіріп отырған жалғызбасты ана биыл маусым айынан бастап атаулы әлеуметтік көмек алады.

Отбасындағы асыраушысының қайтыс болуына байланысты Айдынбековтер отбасынабиылғы жылы жалпы мөлшері 1 млн 213 мың теңге әлеуметтік көмек тағайындалған.

Қазір Бақытгүл «Нұрлы жол» кемпингінде жұмыс жасайды. Ал отбасындағы 4 баланың үлкені Ілияс Айдынбеков «Жасыл ел» жасағында еңбек етуде.

  • Биыл жолдасым Тағыберген қатты ауырып, қайтыс болды. Отағасының кенеттен ортамыздан кеткеніне әлі күнге дейін сенбейміз. Дегенмен мемлекет тарапынан отбасымызға қолдау көрсетіліп жатыр. Биылғы маусым айынан бастап 4 балаға атаулы әлеуметтік көмек алып отырмын. Жұмысымда жалақым да жақсы. Тұрақты жұмысқа орналастым. Баламның үлкені биыл колледжге оқу түсті. Ал үйдің кенжесі 3-сыныпқа барады. Жалпы биыл көпбалалы, мұқтаж отбасыларға мемлекет қамқорлық көрсетіп, балаларға жәрдемақы беріліп жатыр. Бұл — біз сияқты көпбалалы отбасылар үшін үлкен қолдау. Сондықтан бізге қолдау көрсетіп жатқан барша азаматтарға алғысымды айтамын, — дейді Б.Айдынбекова.

 Д.ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button