Мәдениет

«Новая волна» байқауында ән шырқады 

Өткен демалыс күндері Сочи қаласында өткен «Новая волна» байқауындағы шығармашылық кеш белгілі ресейлік композитор Игорь Крутойдың 65 жас мерейтойына арналған болатын. Димаш Құдайберген осы кеште өнер көрсетті. Ол ресейлік композитордың «Любовь, похожая на сон» және «Любовь уставших лебедей» әнін орындады.

Жанкүйерлері Димаштың құшағын гүлге толтырып, ерекше құрмет көрсетті. Кеш соңында композитор өз кешінде өнер көрсеткен барлық әншілерді жеке-жеке таныстырып, Димашты «Әлемнің халық артисі – Димаш Құдайберген!» – деп таныстырды.

Кеш барысында Ресейдің Қазақстандағы елшісі Иманғали Тасмағамбетов Игорь Крутойға «Достық» мемлекеттік орденін табыстады.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button