Денсаулық

Интегративтi медицина орталығы

Ақтөбеде жаңадан ашылған «Unic clinic» медициналық орталығы емделушілерге тың технологиялар арқылы қызмет көрсетеді. Дәстүрлі және дәстүрлі емес медицинаны қатар ұстанған орталық диагнозды анықтап қана қоймай, оның шығу себебін де білуге күш салады. Мұнда әртүрлі саладағы дәрігерлер көптеп шоғырланған.

«Unic clinic» медициналық орталығының басшысы Диана Смекалинаның айтуынша, негізгі мақсат – инновациялық технологиялардың көмегімен ауруды алғашқы сатысында анықтау, адамдарды арнаулы қондырғылармен толыққанды тексеру. Сондай-ақ мұнда еш жері ауырмаса да, өмір жасын ұзартып, денсаулығын жақсартқысы келгендер де жолыға алады. Адам ағзасын жан-жақты тексерістен өткізетінін айтқан орталық басшысы интегративті медицинаға маңыз беретінін атап өтті. Яғни бұл – адам ағзасын біртұтас емдейтін медицинаның бір бағыты. Аталған сала шығыс медцинасына сүйене отырып, адам бойындағы кеселді қанның құрамымен, жүйке талшықтарының орналасу ретімен анықтайды.

Нутрициолог-диетолог Смекалина Диана Анатольевна

– Бізге келген емделушінің ауырған жерін емдеумен шектелмейміз. Біз туабітті, болмаса кішкентай кезінде сырқат боп жабысқан түрлі ауруларды анықтап, оның көзін жоюға тырысамыз. Оны біз заманауи аппараттар арқылы іске асырамыз. Мысалы, біздің орталықта гемосканирлеу, мануальды терапия, биорезонансты тестілеу, полихроматикалық сәулелі терапиямен емдеуге арналған «Экосвет-1» аппараты, су джок терапия (инемен емдеу) бар. Сондай-ақ, келушілерге педиатр, диетолог, аллерголог, нутрициолог, психолог, басқа да мамандар қызмет етеді. Орталықта барлығы оннан астам дәрігер бар, – дейді «Unic clinic» медициналық орталығының басшысы Диана Смекалина.

Енді әрқайсысына жеке тоқталсақ. Адамның қаны арқылы арнаулы микроскоптың көмегімен ауруды анықтайтын жаңа тәсіл – гемосканирлеу деп аталады. Ішкі органдардың ақауын қан құрамындағы элементтер арқылы бірден көрсететін гемосканирлеу әдісінің басты артықшылығы – тез әрі сапалы «қызмет көрсетеді». Және ол аурудың алғаш пайда болғанынан, бірінші белгілерінен анықтай алатын озық технология. Ал остеопатия, өзіңізге белгілі, массаж арқылы адамның ауырған жерін тап басып, үш бағыт – жүйке, бұлшық ет және психикалық жүйелерді қатар емдейтін бөлік. Омыртқа жотасы, бел, буындарыңыз сырқырап ауыра ма? Ендеше, сізге мануальды терапияның көмегі орасан болады. Өз кезегінде биорезонансты тестілеу — бөлек әңгіме. Айналдырған 30-60 минуттың ішінде сіздің жүрек соғысыңыз қалай екенін, бойыңызда вирустың бар-жоқтығын анализдер арқылы анықтап береді.

Бас дәрігер, жоғары санатты терапевт Сүндетов Әділхан Жолдықайырұлы

– Ультракүлгін сәулемен емдеуді де бізден таба аласыз. Ең бастысы – біз адам жанын емдеуге де баса назар аударамыз. Ол үшін «Unic clinic» медициналық орталығында психолог маман жұмыс істейді. Күнделікті күйбең тіршіліктен, бірқалыпты өмірден, арман-тілегіміздің бірден орындалмай, жалпы кейбір нәрселердің қалауымыздағыдай болмағанынан адамның жаны күйзелетіні бар. Кейде айналамыздағы адамдарға деген жасырын өкпе-ренішіміз болады. Соның бәрінің тігісін жатқызып, кешіруге, барлығына басқаша көзқараспен қарауға психолог айтарлықтай көмектеседі. Сырласар, жаныңды ұғар, кейіннен нақтылы кеңесін беретін маманға кез келген адам келсе, артықтық етпейді. Өйткені тәніміздегі қай ауру болсын, алдымен жан күйзелісінен, жабырқаудан пайда болатынын ғылымның өзі дәлелдеген. Сондықтан шынымен бақытты, түрлі жаман ойлардан ада болғыңыз келсе, біздегі мамандарға қаралуыңызға болады, — дейді Диана Анатолийқызы.

Қазіргі таңда орталықтың Ақтау, Жаңаөзен қалаларында екі бөлімшесі жұмыс істейді. Ал Ақтөбеде мамандардың емделушілерді қабылдағанына бір жылға енді жуықтаған. Орталық басшысының сөзінше, олар Санкт-Петербург, Нижний Новгород, Новосибирск қалаларындағы әріптестерімен тығыз байланыста екен.

Кез келген аурудың алдын алған әлдеқайда тиімді екені сөзсіз. Осы орайда «Unic clinic» медициналық орталығының жұмысы бұны да қамтиды. Олар кешенді, интегративті медицинаға сай ем көрсететінін айтады.

Айбек СЕРІКҰЛЫ

Суреттерді түсірген А.Мүсенов

«Unic clinic» медициналық орталығы Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 35 «а» мекенжайында орналасқан. Байланыс тел.: 8 (7132) 56-68-66, 41-23-94, 8-775-837-56-52. Инстаграм:   uniclinic_aktobe

 Мемлекеттік лицензия №11222DD «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ 15.07.2019 ж. берген.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button