Басты жаңалықтарЭкономика

Бес жылда миллион тонна өнім өндірген зауыт

Бұдан соң Үкімет басшысы бастаған топ «Казхром» ТҰК» Ақтөбе ферроқорытпа зауытының №4 цехына барды. 2014 жылдың 23 тамызы күні іске қосылған инновациялық технология бойынша жұмыс істейтін зауыт бес жылдың ішінде миллион тонна өнім өндірген.

— Балқыту цехында 4 пеш бар, олардың әрқайсысының қуаттылығы — 72 мегаватт. Бір апта бұрын біз өндірген өнімнің көлемі 1 миллион тоннаға жетті. Бұл — үлкен жетістік. Шығаратын өнім көлемі жыл сайын артып келеді, егер алғашқы жылы 5 мың тонна өнім шығарсақ, келесі жылы — 62 мың тонна, үшінші жылы — 328 мың тонна, одан кейін 355 мың тонна шығардық. Бір-екі жылдың шамасында №4 цех толық қуатына шығады деп жоспарлап отырмыз, яғни жылына 440 мың тонна өнім өндіреміз. Зауыт толық инновациялық технология бойынша жұмыс істейді, егер бұрын осындай цехта 2-3 мың адам болатын болса, қазір ол жұмыстардың барлығын 368 адам атқарып отыр, — деді ферроқорытпа зауытының директоры Жалғасбай Мұсабеков.

Мейрамгүл Рахатқызы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button