Жаңалықтар

Екі департамент басшысы тағайындалды

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен аппарат жиынында ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы — Әдеп жөніндегі кеңестің жаңа басшыларын таныстырды.

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы болып Амангелді Нұғыманов тағайындалды. Ол 1967 жылы туған. Жоғары білімді, Ақтөбе ауылшаруашылық техникумын, Қайнар университетін, Халықаралық құқық қорғау органдары академиясын (Венгрия, Будапешт), ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Ол еңбек жолын «Жайсаң» кеңшарының агроном-есепшісі болып бастап, аудандық өсімдіктерді қорғау станциясының жетекші агрономы, Мәртөк аудандық әкімшілігінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы, «Мұғалжар» кеден бекетінің бастығы, Ақтөбе облысы бойынша кеден басқармасының контрабандаға қарсы күрес бөлімінің бастығы, ҚР Қаржы министрлігінің КБК Кадрлар басқармасы бастығының орынбасары, ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Астана қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы қызметтерін атқарды.

Ал ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы болып Әділбек Мұқашев тағайындалды.

Ол Б. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын және Е.Букетов атындағы Қарағанды университететін бітірген. Еңбек жолын 1998 жылы Петропавл қаласының ішкі істер органдарында қызмет етуден бастаған. ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік құқықтық бөлімінің сарапшысы, инспектор, Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Мемлекеттік қызмет департаментінің директоры, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы — Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы қызметтерін атқарып келді.

Облыс басшысы жаңа тағайындалған азаматтардың жұмысына сәттілік тілеп, облысты дамытуда біріге жұмыс жасайтындарына сенім білдірді.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button