Жаңалықтар

Құрметті Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары!

2019 жылғы 24 тамызда облыс әкімдігі «Green Land» демалыс және ойын-сауық паркімен бірлесіп «QARG’ALY FEST» халықаралық туристік фестиваліне шақырады.

«Non stop» концерттік бағдарламасында ұлттық ойындар, спорт жарыстары, дискотека, балалар анимациялық бағдарламасы, балалар көбік кеші, «Холи» бояулар фестивалі, шеберлік кластары, қолөнер жәрмеңкесі, Street food қамтылған.

24 тамызда біздің қонақтарымызға ыңғайлы болуы үшін фестиваль қатысушыларына Орал, Орск, Орынбор қалаларынан «Green Land» демалыс паркіне дейін және кері бағытта, сондай-ақ Ақтөбе қаласынан (облыс әкімдігі, «Айна» сауда үйі жағынан) сағат 10.00-ден бастап әрбір 1,5 сағат сайын (20.30 сағатқа дейін) «Green Land» демалыс паркіне және кері бағытта тегін автобус жүреді. Соңғы автобустың қайту уақыты – 00.30 сағат.

Фестивальға кіру — тегін.

Өту уақыты: 11.00-00.00.

Қосымша ақпарат алу үшін: 8-747-842-58-48; 8-705-730-00-30.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button