Рухани жаңғыруТарих

Әбілқайыр мен Бопай және олардың ұрпақтары

Әбілқайыр ханға жар болған Бопай сұлу туралы осы кезге дейін өте аз жазылды және өкінішке қарай, жалған жазылды. Бопай түгілі, оның жұбайы,қазақ елінің тарихындағы ұлы тұлға — Әбілқайыр хан туралы қанша көп жазылса да,сол жазылғандардың ақиқатынан жалғаны көп. Бопай сұлуды зерттеу арқылы ғалымдар Әбілқайыр өмірбаянына қатысты көп жаңалық ашты.

Жəнiбек батырмен Əбiлқайыр туралы аңыздарды қарасақ,оның Бопай сұлудың тарихына тікелей қатысы бар екенін көреміз.

Əйгiлi қазақ батыры Жəнiбек (қайтыс болған жылы — 1751 жыл) жаздың бiр əдемi күнiнде өз нөкерiмен келе жатып,жолда ағаштың түбiнде ұйықтап жатқан бозбаланы көредi. Ол алаңсыз ұйықтап жатыр, жанында — қару-жарағы. Жəнібек батыр қызыға қарайды. Тегiн адам емес екенiн көрген Жəнiбек батыр танысып,жөн сұраспақшы болады да,найзасының ұшымен түртiп оятады. Оянып кеткен бозбала бұған шамданып, садағына жармасып, найза ұстап тұрған атты кiсiнi дереу атып салмақшы болады.

Жəнiбек батыр:

—Тоқта,бала, тентек болма, жөнсұрасайық. Мен Жəнiбекпiн—менiң атымды талай естiген боларсың? Бiз саған жау емеспіз, доспыз. Өзiң кiм боласың? — дейді.

Əбiлқайыр садағын кезеген күйi:

—Əйгiлi Жəнiбек батыр болсаң боларсың, бiрақ қарап жатқан адамға неге тиiсесiң? Мен ешкiмге бағынышты адам емеспiн…Жаныма

келiп ат үстiнде тұрып, найзамен түрткен адамға сол ісіне қарай жауап беремiн. Кедей болсам да намысымды ешкiмге бермеймін. Сен, Жəнiбек, достығың рас болса,өз жөнiңмен жүре бер, менде өз жөнiммен кетейiн…Мен сұлтан Əбiлқайырмын, — дейді. Қатесiн мойындаған Жəнiбек батыр атынан секiрiп түсiп,оның қолын алады. Мiне,сол күннен бастап олар бiрге жүретін болыпты.Қысқасын айтқанда,Əбiлқайырдың өз басы туралы аңыздардың көбi оның балалық шағының оншалықты тəттi бола қоймағанын дəлелдейдi. Сондықтан ол ерте ержетiп, өз басы ғана емес, туысқандарыныңда қамын ойлап,жастық өмiрiн арпалыспен өткiзген.Сол кездегi Кiшi жүз халқының Ресей империясынан көрiп жатқан неше түрлi қастандығын Əбiлқайыр өз көзiмен көрiп, жас та болса жүрегiне түйiп өсті.

Қажы сұлтанның жəне оның туыстарының балалары Арал теңiзiнiң солтүстiк жағын қыстап, жаздаТорғай, Ырғыз өзендерiнiң жоғарғы жағын,яғни Ембi өзенiне жақын жердi жайлайтын. ХVІІ ғасырдың соңынан бастап бұл жерлер Ресей итаршыларының шабуылына душар болды. Олар, негiзiнен, казак отрядтары мен Ресейдің күштi жандайшаптары — қалмақтар болатын. Едiл қалмақтарының ол кездегі басшысы Аюке хан еді.Ресей патшасы I Петрдiң сүйген құлы Аюке тұсында қалмақтар өте күшейдi. Қазақ елiне шабуыл жасау үшiн Ресей патшасы олардан ештеңе аямай, тiсiне дейiн қаруландырды.Едiл қалмақтарының жəнеолардыбасқарыпжүргенказакотрядтарыныңқазақелiнежасағаншабуылдарымензұлымдықтарытуралыбелгiлi ғалым Н.Я.Бичурин: «Желая соблюдения договора с Россией, согласить с удовлетворением своей склонности (к хищничеству) он (Аюке хан) обратил свое оружие на Урал на киргиз-казахов, которых беспощадно ограбил и сверх того покорил своей власти маньмолакских туркменцев»,— деп жазған едi. ХVІІІ ғасырдың бiрiншi жартысы, əсiресеАюкехантұсында (1724 жылыөлдi) Ресей империясы Едiлқалмақтарын бастан-аяқ қаруландырғаны соншалық, казак отрядтарына не берсе оларғада соны берді.Осынша күшейген Аюке ханнан Каспий өңiрiндегi халықтардың бəрi қорқатын едi. Тiптi елiн жан-тəнiмен қорғаған жас батыр Əбiлқайырдың өзi Аюке ханмен достық қатынаста болуға тырысты. Елiн Ресей шапқыншыларынан қызғыштай қорғаған Əбiлқайыр жас кезінен-ақ айналасына атақты батыр болып танылған еді.

Əбiлқайырдың жас та болса, ел қорғауға сіңірген еңбегін ескеріп, 1709 жылдың соңында қазақ билерi мен игi жақсылары оны ақ киiзге көтерiп, Кiшi жүз ханы етiп сайлады. Бұл Кiшi жүздің халқы үшiн де, Əбiлқайыр үшiнде аса маңызды əрi шешушi оқиға болды.Орал (Жайық) казак отрядтарымен Кiшi жүз қазақтарының қақтығыстарын көре жүрiп, Əбiлқайыр ат жалын тартып мiнгелi осынау қырғын соғысқа белсене араласқан еді. Əбiлқайырдыңосындай ерлiктерiн көрген

қазақтың игi жақсылары оны қалай құрметтесе, Ресей отаршыларымен үздіксіз соғысып келе жатқан башқұрт халқы да оны сыйлап, бас идi…

1704-1711 жылдардағы башқұрттардың қарулы көтерiлiсi кезiнде Кiшi жүзден оларға көп көмек бергендердiң бiрi — Əбiлқайыр батыр. Көтерiлiстiң ең шегіне жеткен кезі — 1708-1709 жылдары Əбiлқайыр сонау Арал өңiрiнен 3 мың əскермен келiп, башқұрттарға көмектескен едi. Өзімен бірге қарақалпақтың 100 жiгiтiн ала келедi. Ресей бодандығынан құтылу үшiн өздеріне ұлы қолбасшы керектігін түсінген башқұрт халқы Әбілқайырды хан көтермекшi болды.

Сол кездегi құжаттарда Əбiлқайырдың  Башқұртстанға келiп,көтерiлiстi қолдағаны туралы: «…Пришли книмказачьи орды силы многое число…» —деп, ал тағы бiрқұжатта: «…из казачьи орды ушли в башкирцы воевать 3000 человек, да каракалпаков 100 человек, да каратабунцев 250 человек» — деп, нақты сандар жазылған. 1709 жылдың күзiнде Əбiлқайыр батыр өз əскерiменТүрікстан жаққа қайтып кетедi. Өйткені оны Тәуке хан мен қазақ билері шұғыл шақыртып алған еді. Енді осының себебіне үңілсек, 1708 жылыжəне 1709 жылдың басында Қазақстанның оңтүстiгiне жоңғарлар қайта-қайта шабуыл жасады. Қазақ елi аса қиын жағдайда едi. Едiлмен Жайық өңiрiн қызғыштай қорып,орыс-казак отрядтарын сан рет талқандаған Əбiлқайырдың ол кезде қазақ арасында да, башқұрт арасында да даңқы жайылған еді. 1709 жылдың соңында Қарақұмда өткен Құрылтайда оны ақкиiзге көтерiп, Кiшi жүздiң ханы етіп сайлады. Бұл қазақ тарихында күтпеген оқиға болды, себебi оған дейiн Кiшi жүзде хан болған жоқ, Кіші жүз де, басқа жүздер де тек орталыққа, бас ханға бағынатын. Алайда Ресей итаршылары— казак отрядтары мен қалмақтардың шабуылынан əбден титықтаған жұртты қорғау үшiн, енді осындай қадамға бару керек болды. Бұл —сол кездегі Қазақ Ордасының ханы Тәукенің ұйғарымымен іске асқан қадам. Ес бiлгелi соғыста жүрген Əбiлқайырдыңəскерi декөпедi жəнехалықалдындағы беделi де жоғары болатын. Ол Кіші жүзді басқарып, яғни елдің батысын қорғап қана қоймай, Қытай мен Ресей секiлдi алпауыттардың айтағымен шығыстан қайта-қайта шабуылдап жатқан жоңғарларға қарсы тұруы, яғни алдағы үлкен шайқастарға халықты ұйымдастырып алып шығуы керек еді. Қазақ тарихында жоңғарларға қарсы сəттi күрестердің 1710 жылдан,Əбiлқайыр Кiшi жүз ханы болып сайланғаннан кейін басталуы кездейсоқ емес.

Ендi сәл шегініс жасасақ, жас батыр Əбiлқайыр адай руының қызын құда түсіріп, барлық салт-жоралғысын жасап алған.Біз жазба деректерден Әбілқайырдың әйелдері арасынан сол əйгiлi сұлу Бопайдың атын ғана кездестіреміз. Ол ханның екiншi əйелi болғанына қарамастан, бəйбiшеге лайық құрметке ие болды. Бопай сұлу Кiшi жүздегi белгiлi батыр,адай руынан шыққан Мырзатайдың қарындасы (əлде апасы) болатын. Əбiлқайырдың Бопай сұлуға үйленуi жəне екеуiнiң арасындағы ғашықтық туралы ел iшiнде аңыз әңгімелер ауыздан-ауызға тарапты. Солардың біріне тоқталсақ, қысқаша мазмұны мынадай:

… Әйгiлi батыр Жəнiбек пен Əбiлқайыр сапарлап келе жатып,күн батар алдында бiр ауылға түседi. Бұл да бiр батырдың ауылы боп шығады. Ауыл басшысы асқан бай,беделді адам екен. Әбілқайыр оның бойжетiп отырған қызы Бопай сұлуды бір көргеннен ғашық болады. Жəнiбек батыр бұрын үйленген, отау иесi жас төренiң бұл мiнезiне таң қалып, іштен тынады. Келесi күнi қонақтар аттанып кетеді, бірақ былай шыға бере Əбiлқайыр күтпеген өнер шығарып, сол жерден қалатынын айтады, ал Жəнiбекке өз жөнiмен кете беруге тура келедi. Жәнібек ұзап кеткесін, Əбiлқайыр ауылға қайтып келіп,өзiнiң төре тұқымынан екенiн жасырып, Бопайдың əкесiнiң малын бағуға жалданыпты. Ұзын бойлы, батыр тұлғалы Əбiлқайыр қарапайым жылқышы болса да, аз уақыт ішінде ауыл адамдарының құрметіне ие болып, ең бастысы,Бопай сұлуға ұнап қалады. Әбілқайыр Бопайға өзінің кім екенін айтып, бар сырын ашады. Бұдан кейін қыз əкесiнiң рұқсатын сұрайды. Ал əкесi мұндай жағдайды күтпеген едi. Бай, белдi ауылдың иесі, оның үстiне қыздың айттырулы жері де бар болса керек, сондықтан ол сұлтан деген атынан басқа түгі жоқ кедей жiгiтке қызын бергiсi келмей, айла-шарғыға көшеді. «Қызымның қалың малына ала аяқты 90 күрең ат жəне 60 ақ сұр ат əкелесiң», — деп шарт қояды. Әбілқайыр бұған бір ай уақыт сұрайды.«Жалғыз атты кедей жiгiт бұл шартымды орындай алмас» деп үмiттенген қыз әкесі алаңсыз қала береді. Әбілқайырдың бұл жағдайын баяғы Жəнiбек батыр естидi. Ол Әбілқайырға керек малды өз жылқысынан шығарып, санап бередi. Тіпті өзi барып,қазақтың салт-дәстүрі бойынша Бопай сұлудың əкесiне құда түседi. Сөйтiп, бір-біріне ынтызар екі жастың басын қосқан осы Жәнібек батыр екен деседі.

Бұл аңыз кезінде ел аузынан жазылып, «Тургайские областные ведомости» (1899 жыл, №52) және «Тургайская газета» (1900 жыл, №1) басылымдарында жарияланған. Әрине, бұл — Әбілқайыр мен Бопай туралы көп аңыздың бір нұсқасы. Алайда осындай аңыздардың кең тарағанына қарағанда, Әбілқайыр мен Бопай расында, қандай да бір кедергілерді жеңіп барып қосылған секілді. Ол кездің дәстүр-салты бойынша әдетте қыз балалар ерте атастырылады және Бопайдың әулеті секілді бай, беделді адамдар кез-келгенмен құда болмайтыны да түсінікті.

Бопай Қажы сұлтанның шаңырағына құтты келiн болып түстi. Көп ұзамай Əбiлқайырды халқымыздың игi жақсылары ақ киiзге көтерiп,хан етiп сайлады.

Бопай сұлуда қазақ əйелiне тəн кiшiпейiлдiлiгімен, ұстамдылығымен, ақыл-парасатымен өзінің жарына лайықты жан ретінде жұрт құрметіне бөленді.

Бопайдың аса беделдi болғаны соншалық,Əбiлқайырдың көптеген саяси, түйткілді мәселелерді ақылмен шешуіне көмектескен. Жасынан ат үстінен түспеген Əбiлқайырдың мiнезiнде тез ашуланатын жəне өркөкiректiк, яғни рыцарлық қасиеттер болған. Сондай сәттерде Бопай оны сабырға, мәселені ақылмен шешуге шақырған. Бұл жөнінде қазіргі тарихшылар да айтып жүр.

Ел iшiнде Бопай «Бара бəйбiше»атанған. Бұл термин астарында батыс өлкеде бiрнеше ұғым бар. Негiзiнен,жеке басының қасиеттерімен,ақылдылығымен, даналығымен елге сыйлы болған бəйбiшелердi солай атаған. «Бара бәйбіше» деген ат тоқал болып түсіп,бəйбiше атанған əйелдерге берілген деп кесіп айтуға болмайды, бұл атты ел iшiндегi ең беделдi аналар иемденген.

Бопай сұлудың шыққан тегіне келсек, осы уақытқа дейiн Бопай туралы арнаулы зерттеулер болмағанмен, Əбiлқайырды зерттеушiлер оны «төре қызы болар» деп, тек кейбiреулерi ғана «адай руының қызы» деп жазды. Бопайды төренің қызы деп жазғандардың бірі— Көшім Есмағанбетов («Қазақ Ұлттық энциклопедиясы»,1-том). Бiз де кезiнде Джон Кэстлдiң «султанша», яғни «сұлтаным» деп жазғанына қарап, Бопайды төре қызы болар деп ойлағанбыз. Белгiлi зерттеушi И.Ерофеева да біле тұра, оны төренің қызы деп жазған болатын. Дегенмен И. Ерофеева:«…дядя хана Нуралы, батыр Младшего жуза Мырзатай» деп те жазады. Сірә, Мырзатай батырдың адай руынан екенін ұмытқан секілді. Мысалы, Тевкеловтың күнделігіндегі: «…Июля двадесят третияго числа Абулгаир-хана шурин, а ханши ево Попай родной брат адайского роду Муртазай Сатыралды-биев сын брегадиру Тевкелеву от большаго Абулгаир ханова сына Нурали-салтана подал письмо и отправил от него, салтана…» — деген жазбадан Бопайдың адай руының қызы екені нақты анықталмай ма?

Бопай сұлудың шыққан тегi адай екенін жазған басқа да еңбектер бар, соның ішіндебелгiлi ақын Светқали Нұржанның «Хан кегi» атты поэмасына тоқталайық. Бұл көлемдi поэмада Əбiлқайыр қастандықпен өлтiрiлгеннен кейінгі оқиғалар жырланады. Автор сол кездегi ел iшiндегi беделдi адамдардың портреттерiн бере келiп, Бопайдың шыққан үйi мен туыстары туралы жан-жақты айтыпты. Негiзгi материалдарды ол адай руының шежiресiнен алыпты. Шежiренiң барлық нұсқасында Табынай Сүйiндiк батыр жазылған. Ол — ХVII ғасырдағы белгiлi тарихи тұлға. Елiмiздi қалмақтардан қорғау жолында талай ерлiк көрсеткенСүйiндiк батырдың 5 ұлы, 2 қызы болған. Солардың

үшеуi белгiлi батырлар: Мырзатай, Құрмантай, Тұрмантай. Ал, қыздары — Қанай мен Бопай. Қанай —адайдың жаманадай тересiндегi Құдайназар Бөгiлиевтiң бəйбiшесi. Қанайдан туған Шақшақ, Қарпық атты ұлдары ел iшiндегi атақты билер болған.

Бопайдың Əбiлқайырханның бəйбiшесi атануы туралы жоғарыда айттық. Əбiлқайыр үйiнiң Мырзатай батырмен тығыз байланыста болуы тарихи шындық, себебi  Бопай— Мырзатай батырдың қарындасы. Ол əсiресе, Əбiлқайыр хан қастандықпен өлтiрiлгеннен кейiн, Барақ пен оның жанына ергендерден кек алуға белсене қатысқан. Бұған оның Орынбор басшыларына, яғни губернатор И.Неплюевке арнап жазған хаттары дәлел. Адай Мырзатай батыр Орынборға жолдаған əрбiр хатында Əбiлқайыр өлiмiнің мұқият ұйымдастырылғанын және оны өлтіргендердің басында да осындай трагедия болуы мүмкiн екенін айтып,қорқытып отырған.Мырзатай батыр жазған хаттардағы хабарларды Нұралы хан Əбiлқайырұлы да растайды. Осы жағдайлар туралы И.В.Ерофеева: «Информацию Мырзатая об убийстве султаном Ералы батыра Сырымбета, как о завершающей акции дела кровной мести семейства покойного хана, полностью подтвердили уточнил  три года спустя сам Нуралы, сообщивший о поступке своего брата в личной письме к А.И.Тевкелеву от 3 января 1753 года»— деп жазды. Нұралы ханның сол хатында: «Султан Ералы совершил ночью с дружиной своих батыров военный набег в ставку фамильного врага, где убил батыра Сырымбета и его жену, а семью Барака и все имение, служителей, служанок и верблюдов их… в добычу получил», — деп жазылған. Жəнеоданарықарай: «Черезоднуночь…всехтрехзлодеевразорил», — дегенiнеқарағандаКүшiк, БарақжəнеСырымбет батырдың отбасыларынан ешкiм тiрi қалмаған. Осынау қайғылы қырғын кезiнде Барақтың бiр келiнi мен қызы ғана аман қалған деседi…

Жалпы, Мырзатай батыр меноның əкесi Сүйiндiкбатырдыңесiмдерi қазақтарихындақалған. АлБопайсұлуесiмi «Ардақтыбəйбiше», «Барабəйбiше»жəне«Ардақтыана»болыпелесiндесақталды. Соғанбайланысты ел iшiндеқыздарынаБопайдепатқоюшылар да көбейдi… Мысалы, Кенесарының қарындасы Бопай Қасымқызы — ХIХ ғасырдағы қазақтың батыр қызы едi. ХVII ғасырдың екiншi жартысында, яғни 1748 жылы Əбiлқайырөлгенненсоңғыдəуiрдегi тарихиқұжаттарда Бопайдыңатыкөпкездеседi. ОныңОрынборбасшыларынажəне Петербургке жазған хаттары сақталған.

Бопай Сүйiндiкқызы 1780 жылы 31 мамырда қайтыс болды. Алайда ақындар мен ақылгөй қарттардың аузынан Бопай есiмi түспеген. Белгіліақын, жырау Абыл Тiлеуұлы (1777-1864жж.) ел басына ауырлық түскен сәтте Есiм хан Нұралыұлына айтқан толғауында:

«Ассалаумағалейкум, сұлтан Есiм,

Ақсұңқар алған аңын өзi жесiн.

Адайға алмағайып күн туып тұр,

Бiр қолда осы жерде, сүйектесiм!» — деп, оныңƏбiлқайырменБопайдыңнемересi екенiналға тартқан. Есiм— Нұралыныңүлкен баласы, ол 1795–1797 жылдары Кiшi жүз ханы болды.

Абыл ақынның Баймағамбет сұлтанға айтқандарының iшiнде мынадай шумақ бар:

«…Апамнан (яғни, Бопайдан – авт.) туған əкеңАйшуақхан,

Табаның таймай тұр-ау мiнген тақтан.

Дəлiргентажалсындыдəрежеңдi,

Деп жүрсiң Құдай қорып, Қыдыр баққан».

Сондай–ақ,олБаймағамбетсұлтанның жасаған қылмыстарын тізбелеп:

«Ер өлдi деп етек бұлап жылайтұғын,

Бай-еке, қай iсiң бар елге жаққан!» — деп, бетiне басады…

Мiне, осындай мəлiметтерБопайананыңтөреқызыемес,адайруынан шыққанынадаутуғызбайды.

Жоғарыда айтқанымыздай,ƏбiлқайырханныңБопайданбасқадаəйелдерi болды. Бопайданкейiн олəртүрлi жағдайдаекi əйелалған екен. Алайда барлық құжаттарда Бопай сұлудың ғана аты аталады. Оның осындай құрметке ие болуы тек Əбiлқайырханныңəйелi болуынанемес, өзiнiңжекебасыныңақылдылығыменбеделiненболсакерек деп түйеміз.

Басқахан-сұлтандарменсалыстырғандаƏбiлқайырдыңəйелдерi аз болған. Мысалы оның баласы Нұралының 13 əйелi, ал Абылай ханның 12 əйелi болғаныбелгiлi. Өмiрбойыел тағдырын шешу жолындағы сынақтар мен соғыстарда жүрген Əбiлқайырдыңжекебастың қызығын күйттеуге уақытыазболған да секілді.

ƏбiлқайырханменБопайсұлудыңалтыперзентi болған. Олардыңбесеуi ұл, бiреуi — қызбала. Ұлбалалары:

  1. Нұралы — (1710/11-1790 жж.) 1748-1786 жылдары Кiшi жүз ханы болды;
  2. Ералы — (1720-1794жж.) 1791-1794 жылдары — Кiшi жүз ханы,ал 1771 жылы Балқаш өңіріндеқалмақтарды екі рет талқандаған қолбасшы;
  3. Қожахмет — (1722-1749жж.)
  4. Айшуақ — (1723/24-1810 жж.) 1797-1805 жылдары — Кiшi жүз ханы;
  5. Əдiл— (1730-1750 жж.)

Əбiлқайырбалаларының iшiндеҚожахметпенƏдiлжастайқайтысболған. Əдiлдiңсуретiн 1736 жылыДжонКэстл салған. ҚызыЗылихашамамен 1745 жылдарыдүниегекелген. Себебi əкесi Əбiлқайырханқазаболғандаолəлi кiшкентайбалаедi.ƏбiлқайырханныңБопайсұлудансоңекі әйел алғанын жоғарыда айттық. Олардыңбiрi қалмақтыңторғауытруыныңқызыедi. ОданШыңғыс аттыұлменбiрнешеқыз баладүниегекелдi.Шыңғыс 1720 жылдары дүниеге келiп, 1750-1755 жылдар ішінде қайтыс болған едi.

Қалмақəйелi туралы сақталғанмəлiметтерге келсек, ДжонКэстлдің жазбаларында осы әйелге қатысты оның бір жігітпен сөзді болғаны, әлгі жігітті Әбілқайыр қатаң жазалап, сол соққыдан ес жимай, үш күннен соң қайтыс болғаны жазылған.Жалпы,бұлəйелдiңо баста Əбiлқайырғаберiлуi тегiнемес болуы да мүмкін. Өйткені Ресейқалмақтарды өмiрбойықазақелiне қарсы пайдаланып келді. БұлəйелдеОрынбор басшыларының тапсырмасымен арнайы Əбiлқайырордасынажiберiлгенболуы әбден мүмкін жайт.

Соңғы əйелi башқұртжұртының қызы болатын. ƏбiлқайырдыңҚаратай (1738 жылы туған, қайтыс болған жылы белгісіз) есімдіұлының анасы — осы башқұрт қызы.Əбiлқайыр Кіші жүзге хан сайланғаннан кейін де, башқұрт халқымен бұрынғы қарым-қатынасын үзбеген.1735-1740 жылдар аралығында башқұрттар отарлаушыларға қарсы жаппай көтеріліске шықты. Осыкөтерiлiскезiндеде Әбілқайыр оларғакөпжəрдембердi. Қаратай сұлтанның 1738 жылы туылғанына қарағанда, Əбiлқайырбашқұрт қызына сол көтерілістің бастапқы жылдарында үйленген секілді.

Əбiлқайырдыңжетi ұлынан бөлек,қыздарыдакөпедi. Бiрiншi əйелiнентуғанбiрқыздыЖəнiбексұлтанғажəнебiрқызынАбықайсұлтанғаберген. Қалмақ əйелiнентуғанбiрқызынБұқарханыƏбiлпейізгеберетiнболып,құдаласыпқойғанда, олқайтысболыпкетедi. Ал қыздың кейінгі тағдыры белгiсiз. ӨзiнiңтуғанағасыТоқтамыстыңжəнеəкесi Қажыменбiргетуғанағаларыныңқыздарындажақсыжерлерге ұзатқан. Мысалы, бiреуiн Кiшi жүздегi Батырсұлтанға күйеуге берген болса, Қарашаш атты сұлуды жас Абылайға ұзатқан. Қарашаш Абылайдың бiрiншi əйелi едi. Кезінде Ш.УəлихановАбылайдыңбiрiншi əйелi Қарашашты:«ƏбiлқайырханныңəлдеҚайыптыңқызыболукерек»—деп,екiұштыжазғанедi. Шындығында,ҚарашашсұлуƏбiлқайырдыңда,Қайыптыңдақызыемес. ОлƏбiлқайырдыңағасыТоқтамыстыңқызыболатын.

ƏбiлқайырағаларыныңбiрініңқызынХиуаханыШахтемiргеұзатады, оныңесесiне, iнiсi Бұлқайырсұлтанның баласы Досалы сұлтанға Хиуа ханы Шерғазыныңқызын алып бередi. Жоғарыда айтқанымыздай,Əбiлқайырдыңшыққанәулеті,яғниБөлекейсұлтанəулетi басқатөрелергеқарағанда сан жағынанөспейқалған,азтұқымедi. Оныңүстiне,бұл — бұрынхандыққақолыжетпеген әулет. Міне, осы аз үйлi ауылдан алғаш рет хан болып сайланған Əбiлқайырдың екі арманы болған: бiріншісi —Едiл-Жайықөңiрiнеқазақтыеркiнжайлату, ал екiншi арманыөзiнiңазауылынтамырын жайған, азулы әулетке айналдыру еді. 1748 жылыдүниеденөткенiндетек осы соңғы арманының ғана орындалғанын көріп кетті. Əсiресе, оныңНұралы, ЕралыжəнеАйшуақтан тараған немерелері көп болды. Ал ƏдiлденТұрсын мен Ағын атты екі немересі дүниеге келдi. Қожахмет пенқалмақəйелiнентуғанШыңғыстанұлбалақалмаған. БашқұртəйелiнентуғанҚаратайдыңтөртұлы болды.

1748 жылыƏбілқайырханқазаболғансоң,оныңорнынахалықНұралыныхансайлады. Нұралы өмір бойы байлық пен сəн-салтанаттыңортасындағұмыркештi. Сондықтаноныңəйелдерi де көп болды. И.Г.Георгидің мəлiметiнеқарағанда, Нұралы ханның 12 əйелi, ал Левшиннiңжазбаларынажүгiнсек, 16 əйелi болған. Нұралыхан көп əйелiнен 75 перзент (Левшинбойынша— 66) көргенекен.Солардың iшiндеұлдарыныңсаны 40-қа жеткен.ТарихиқұжаттардаНұралының 36 баласыныңатыкездеседi. Олар: Есiм, Бөкей, Ғизалы, Қожахмет, Бабық, Шошқара, Бөлекей, Бердiғали, Пiрəлi, Бегəлi, Елтай, Есенəлi(Есентай), Жалтыр, Ишалы, Қаратай, Қондырау, Жиеналы, Құлтай, Мыңдалы, Сейдалы, Сығай, Көбей, Жарас, Қорқылтай, Айтөре, Артыққали, Шоқа, Мұхаметқали, Абылай, Арыстан, Бердəлi, Орман, Өзбекəлi, Жүсiп, Дербiсəлi, Фазылбек….

Əбiлқайырдыңекiншi баласыЕралыдантарағаннемерелерiне келсек,тарихиқұжаттарда олардыңбесеуiнiңғанаатыкездеседi. Олар: Темiр, Жантөре, Ақай, БөлекейжəнеБабу.

Ал Айшуақтың 17 баласының аты бізге жетті. Олар: Сығали, Сапақ, Жантөре, Айтмұхамбет, Серғазы, Баймұхамед, Қыдыр, Өтебəлi, Қатан, Шайбақ, Тоққожа, Жақсылық, Қадырғали, Əлғазы, Нұрмұхамет, Тəуке, Жақып.

Әбілқайыр немерелерінің ішінде хандық дəрежегежеткендерi баршылық. ЕсiмНұралыұлы (1795-1797 жж.), Пiрəлi Нұралыұлы(1770-1815 жж.), ЖантөреАйшуақұлы (1805-1809 жж.), Серғазы Айшуақұлы (1812-24 жж.), Бөкей Нұралыұлы(1802-15 жж.), Қаратай(1806-1824 жж.), Сығай (1816-24 жж.), Бөлекей(1780-1808жж.), Темiр (1817-1824 жж.) сынды немерелерi Кiшi жүз жерiнде хандық дəрежегежетсе, Бөлекей Ералыұлы мен Ағын ƏдiлұлыныңХиуаханыболғаныбелгiлi. Хиуа тағынаƏбiлқайыркөзiнiңтiрi кезiндеүлкенұлыНұралыныдаотырғызғанболатын.

Əбiлхайыр, жалпы, Хиуаханытағынаталайретөзадамдарынотырғызды. Мысалы 1727 жылыағасыТоқтамыстыңбаласыМамайсұлтанды, одансоңкүйеубаласыБатырҚайыпұлын,кейінірек Елбарыс сұлтанды Хиуа ханы етiп отырғызды.

Əбiлқайырдыңшөберелерiнiң iшiндехандыққақолыжеткендерi Қасым (1808-1827 жж.), Маты (1817-1824 жж.), Жəңгiр (1824-1845 жж.), Қайыпқали (1830-1850 жж.), Сауқым(1837-1843 жж.) болса,олардың iшiндееңкөрнектісіБөкейордасындаұзақуақытханболғанЖəңгiредi…

Əбiлқайырданбастап өсiп-өнген Бөлекей сұлтанның əулетiндебатырұлдарғанаемес, ару қыздардакөпболды. Орта жүз ханы ƏбiлмəмбеттiңбаласыƏбiлпейiзсұлтан, әйгіліАрынғазы хан, ХиуаныңЕлтүзер, Аллақұл жəнеМұхаммед-Әмин сынды билеушілері Әбілқайыр әулетінің күйеу балалары еді.Бөкей Ордасының ханы ЖəңгiрдiңФатимадантуғанқызыЗылиқа —қазаққыздары iшiндеалғашретеуропалықбiлiмалғанжан.

ХIХғасырдаӘбілқайыр ұрпақтары арасынан Орынбор, Қазан, Петербургқалаларындағы үлкен бiлiм ордаларында оқыған көзі ашық азаматтар көп шықты.

Əбiлқайыр 1748 жылықазаболғанғадейiнҚазақстан— ОртаАзия, Қазақстан—Жоңғария, Қазақстан— Ресей, Қазақстан — Иран арасындағы халықаралық қатынастарда шешушi, тарихи тұлға болды. Өкінішке қарай, Әбілқайыр айналасындағы тарихи шындықтардың көбі қазір зерттеліп, белгілі болғанымен, оқулықтарға енбей келеді. Біз алдағы күндерде осы олқылықтың орны толар деп үміттенеміз.

Самат ӨТЕНИЯЗОВ,

әлФараби атындағы ҚазҰУ және Мадрид университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button