Жаңалықтар

Мерекедегі марапат

Жұма күні Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин бір топ спортшыны кәсіби мерекелерімен құттықтап, марапаттар тапсырды.

Жиында қала әкімі бүгінде Ақтөбе қаласында бұқаралық спортпен шұғылданатын тұрғындардың саны 160 700 адамға жеткенін, жергілікті спортшыларымыз көптеген жетістікке жетіп, елдің намысын қорғап жүргенін, ал халықты бұқаралық спортқа тарту үшін облыс орталығында жыл сайын спорттық нысандар мен алаңдар салынып жатқанын атап өтті.

  • Жыл сайын елімізде Президенттің Жарлығына сәйкес тамыз айының үшінші жексенбісі Спорт күні ретінде атап өтіледі. Осындай атаулы күні спорт саласында жүрген ардагерлерімізді, спортшыларымызды мерекелерімен құттықтаймыз.

Айта кету керек, әр мемлекеттің атын шығаратын, әлемге танытатындар спорт, өнер саласында жүрген азаматтар. Бүгінгі күні еліміздегі спортшыларға мемлекет тарапынан көптеген қолдау көрсетіліп жатыр. Жәнеосы орайда Ақтөбе облысында бірқатар жұмыстар атқарылып, жаңа жобалар жүзеге асырылуда.  Сондықтан бүгінгі мерекеде сіздерге жеңіс, сәттілік және биік белестер тілеймін, — деді М.Абдуллин.

Құттықтау сөзінен кейін шаһар басшысы бір топ спортшыға Алғыс хат және «Спорт саласына қосқан үлесі үшін» медалін табыстады.

Д.ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button