Жаңалықтар

Ұлболсын — «корпорация аруы»

Байқау

Жексенбі күні Өнер орталығында алғаш рет «Корпорация аруы — 2019» байқауы өтті. Халыққа қызмет көрсету орталығыаруларының арасында өткен сайыста үздік деп танылып, бұл атақты 22 жастағы алғалық Ұлболсын Исмағұл жеңіп алды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ-ның Ақтөбе облысы бойынша филиалы және «SanBell» модельдік мектебінің ұйымдастыруымен өткен байқаудың негізгі мақсаты — Egovkz электрондық үкімет порталын халық арасында кеңінен насихаттай отырып, халыққа қызмет көрсету орталығында қызмет ететін жастарды қолдау.

— Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қызмет ететін арулар арасында байқау өткізу біздің көптен бері көкейде жүрген ойларымыздың бірі болатын. Бүгінгі сайыс «Менің таңдауымEgovkzbot» жобасы аясында ұйымдастырыды. Сайыс барысында арулар Egovkz электрондық үкімет порталынының тиімді тұстарын таныстырып, өздерінің біліктіліктерін көрсетті, — дейді ұйымдастыруышылардың бірі, Ақтөбе облысы бойынша Egovkz электрондық үкімет порталыннасихаттаушы Маржан Әлиасқарова.

Төрт бөлімнен тұратын сайыстың бірінші бөлімінде арулар өздерін таныстырса, екінші бөлімінде «Egovkzbot-ты» жарнамалап, сұрақтарға жауап берді.  Ал үшінші турда өз өнерлерін ортаға салды. Төртінші турда ең сәнді көйлек киіп, дефиле көрсетті.

«SanBell» модельдік мектебінің жетекшісі Нұржамал Мамутованың айтуынша, байқауға 19 ару жолдама алған. Дегенмен ақтық сынға 13 қыз-келіншек қатысты.

— 3 тамыз күні арнайы кастинг ұйымдастырылып, барлық ниет білдірген қыз-келіншектермен кездесу өтті. Байқауға қатысуға жолдама алған қыз-келіншектер бүгінгі күнге дейін сахна мәдениетімен танысып, арнайы дайындықтан өтті. Қыздармен арнайы бейнероликтер мен фотосессиялар жасалып, олардың өздеріне деген сенімдерін одан әрі күшейту үшін жұмыстар жасадық. Кастингтен 19 ару өткенімен түрлі себептерге байланысты сайыстың ақтық сынына 13 қыз-келіншек қатысты. Олардыңең жасы 18-де болса, ең үлкені – 37 жаста. Арасында көпбалалы аналарымыз да бар, — дейді Нұржамал Мамутова.

Қазылар алқасының шешімімен Алға ауданының халқына қызмет ететін Ұлболсын Исмағұл Бас жүлде иегері атанып, байқаудың арнайы тәжін иеленді. Ал барлық қатысушылар мен жүлделі орын иеленген аруларға естелік сыйлықтар мен гүл шоқтары табысталды.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button