Жаңалықтар

Мақсат — цифрлық сауаттылықты көтеру

Акция

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық халыққа қызмет көрсету орталығы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында акция өткізді.

Мемлекеттік қызметтерді «Электрондық үкімет» порталы арқылы алуға үндеген шараға мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті де атсалысты. «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында өткен акция барысында халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлері тұрғындарға түрлі кеңес беріп, электрондық цифрлық қолтаңбаны қалай қолдану керектігін және Телеграм БОТ арқылы қызметтерді қалай алуды көрсетті.

Азаматтар кең таралған анықтамаларды «Электрондық үкімет» порталы арқылы өз беттерінше алуға үйреніп, мемлекеттік корпорация қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді.

Қазіргі таңда халыққа қызмет көрсету орталығыныңұжымы халықтың цифрлық сауаттылығын көтеру мақсатында мектептерге, ірі сауда орталықтарына, жергілікті атқарушы органдарға барып, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді e.gov порталы арқылы алудың тиімділігін түсіндіріп келеді, — дейді ұйымдастырушылар.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button