Спорт

Нұрсәт— әлем чемпионы

Байғанин ауданы Алтай батыр ауылы А.С.Пушкин атындағы орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Тұрлыбек Айтжановтың шәкірті Нұрсәт КөшербайӨзбекстан Республикасында белбеу күресінен жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында 85 кг салмақ дәрежесінде қарсыластарын жеңіп, чемпион атанды.

— Қасиетті Құрбан айт қарсаңында өткен әлем чемпионатында Нұрсәт елге тағы бір алтын тарту етті. Бұл — өте қуанышты жаңалық. Халық орнынан тік тұрып шапалақ ұрғанда, көзіме еріксіз жас келді. Орыс ұлтының палуанымен сынға түскен сәттегі қобалжу есімнен кетпейді. Халық лық толы аренада «Баласы атқа шапса, анасы тақымын қысады» дегенді шын мәнінде сезіндім. Жарақат алғаннан кейінгі дәрігер қарауынан соң Нұрсәттің боз кілемге қайта оралған кезіндегі көптің қолдауын көрсеңіз ғой. Оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мен өз шәкірттерімнің қай-қайсысын да ерекше бағалаймын. Әрқайсысын өзгеше жақсы көремін.

Үлкен жарысқа барар жолда бізге жанашырлық танытқан ауыл азаматтарына осы ретте ерекше алғысымды білдіремін. Олардың қатарында Естай Сисенбаев, Айбын Нұрлыбеков, Шоқан Есенғазин, Нұралы Айтжанов сынды жомарт ағаларымыз бар. Сондай-ақ аудандағы басшылар мен спортта жүрген жаттықтырушы азаматтарға да ерекше ризашылығымды айтамын, — дейді Т.Айтжанов.

Оның айтуынша, Нұрсәтчемпионатта Латвия спортшысымен болған алғашқы белдесуде аз уақыттың ішінде жеңіске жетсе, өзбек пен тәжік ұлтының палуанын жығып, көрерменнің  ерекше ықыласына бөленген. Ал ақтық сында ол Ресей Федерациясының палуанымен белдесіп, екі балдық әдіспен бір адым кері шегінеді. Ақырында жігерлі Нұрсәт алған азды-көпті жарақатына қарамастан, қазақтың қоржынына алтын салып, әлем чемпионы атанды.

Айта кету керек, бұған дейін Алтай батыр ауылынаншыққан 4 спортшы әлем чемпионатыныңқола жүлдегері атанған.

 Арайлым ҚАСЫМ,

Байғанин ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button