Жаңалықтар

Материалдық емес мәдени мұра қалай түгенделіп жүр?

Семинар

Ақтөбе қаласындағы «Ақтөбе» қонақүйінің мәжіліс залында «ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі конвенциясын іске асырудың халықаралық тетіктері» атты республикалық семинар-тренинг өтті.

Аталған шара Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының рухани мәдени мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық комитеті, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы және ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы кластерлік бюросының, сондай-ақ облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен өтті.

Семинарға облыстық, аудандық және қалалық мәдениет мекемелерінің, кітапханалар мен музейлердің қызметкерлері, тарихшылар, өнер адамдары қатысты. Тренингте материалдық емес мәдени мұраның сақталуына жауапты мамандарға түгендеу жұмыстарын қалай жүргізу керектігі егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Шара барысында рухани емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық комитеттің төрайымы Ханзада Есенова, ҚР Қолөнершілер одағының төрайымы Айжан Бекқұлова мәдени мұраны сақтау және түгендеуге қатысты біраз әңгімеледі. Келесі күні осы топ Темір ауданы Шұбарқұдық ауылында далалық зерттеу жұмыстарын ұйымдастырды. Мұнда теріні дәстүрлі өңдеудің жалғыз шебері Нұрлан Жақыбаевтың шеберханасында түгендеу жұмыстарын жүргізді. Ал ЮНЕСКО-ның фото және бейне құжаттама жөніндегі сарапшысы, режиссер-оператор Алексей Каменский дәстүрлі технологияның әр процесін қалт жібермей, маңызды сәттерін қалай бейнежазбаға түсіруге болатындығын түсіндірді.

Материалымыздың кеңейтілген нұсқасын газетіміздің келесі сандарынан оқи аласыздар.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button