Әдебиет

Кәсіби лексиканың көкжиегін кеңейткен

Қазтай Айтазаұлы сынды аяулы азаматтың дүниеден озғанына жиырма жыл толыпты-ау… Иә, тура жиырма жыл бұрын Қазақстан Ғылым академиясы, Алматының көптеген жоғары оқу орындарының ғалымдары мен жерлестері, қайын жұрт өкілдері онымен қимай қоштасқан болатын. Мұның бәрінің басы-қасында болғаным еріксіз еске түседі. Амандық болғанда биыл Қазекең сексеннің сеңгіріне шығар еді…

«Ғалымның хаты өлмейді» деген рас қой, Қазекеңді үнемі есте тұтпасақ та, зерттеулері жадымызда сақталған. Осындайда бақилық досың бұл өмірде не бітіріп еді, қалай өмір сүрді деп, бip сәт ойланбай отыра алмайды екенсің. Қай-қайдағы ойғa оралады.

Әртүрлі әдебиеттер мен сөздіктерге қарап отырсақ, қазақ малды ғанa емес, балықты да жақсы білген екен: әрқайсысының атын атап, түсін түстей алған. Ол-ол ма, ceмiртe де алған, судан-cyғa көшіріп-қондырып, жерсіндіре де білген. Бұған куә – профессор Қазтай Айтазаұлының нақты зерттеулері мен ол  сілтеме жасаған құжаттар.

Шындығында қазақ тіл білімінде балыққа байланысты атаулар мен терминдерді зерттеу Қ.Айтазаұлынан бастау алады. Бұл – басы ашық мәселе. «Қазтай ғылымда не бітірді?» деген сұраққа ниеті дұрыс адам нақты жауап бере алады. Балыққа байланысты сан алуан терминдер мен атаулар оған дейін белгілі бip жүйеге түсірілмегені анық. Ендеше, ана тіліміздегі балық шаруашылығына байланысты лексиканы зерттеп, сөз байлығымыздыхатқа түсіргенҚ.Айтазаұлы қазақ тіліндегі балық атауларын зерттеушілердің оң қанатынан, ал кәсіби лексика зерттеушілерінің жуан ортасынан көзі тірісінде-ақ ойып тұрып орын алғаны хақ. Бұған қазақ тіліндегі кәсіби лексика жөнінде жазылған еңбектердегі Қ.Айтазаұлы зерттеулеріне жасалып жатқан сілтемелер бұлтартпас дәлел болмақ керек.

Әлбетте, Қ.Айтазаұлы зерттеулері отандық диалектология ғылымын жаңа сапаға көтерді дегенді оған көпсінсек,қазақ диалектологиясы мен кәсіби лексикасының дамуына өз ықпалын тигізіп, тақырыптың көкжиегін кеңіткенін мойындамасқа тағы да хақымыз жоқ.

Қазекең өзінің шығармашылық қабілетін алғашқы ізденістерінің өзінде-ақ байқатты. Алайда оның ғылыми ғұмырнамасында 1971 жыл — аспирантураның теориялық курсын бітіріп кемелденген тұсы, ғылыммен педагогтік кызметті ұштастырған кезі. Осы орайда оның Алматы педагогикалық шетел тілдері институтына шақырылғанын, ұстаздық қызметті қатар алып жүргенін тілге тиек етпек керек. Бұл екі ретте «Қазақстандағы балық шаруашылығына байланысты кәсіби лексика» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғағанын айтқан орынды (жетекшісі – Ғылым академиясының корреспондент-мүшeci Ғ.Ғ.Мұсабаев). 1989 жылы қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы — қазақ тілін арнаулы пән ретінде оқытуды, тілдің сөз байлығын зерттеуді ic жүзінде талап етті. Бұл екі қажеттілікті қолма-қол өтеуге Қазекең дайын еді. Сондықтан болса керек, Абай атындагы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетінің Практикалық қазақ тілі кафедрасы меңгерушісіне лайықты маман іздегенде таңдау оған түсті.

Қазақтан өзге ұлт өкілдерін қазақ тіліне баулу ici ғалымның тікелей басшылығымен бұл университетте жақсы жолға қойылды. Мұның куәсі —  Қазекеңе берілген профессорлық дәреже.

Әлбетте, ғылымимұра уақыт сынынан өтсе, сонда ғана ғұмырлы болмақ. Ғалым еңбегі өзін қоршаған ортада, әріптестері арасында көзінің тірісіндебеделі арқасында дәріптелуі мүмкін десек, енді, міне, ол дүниеден өткен жылдардан соң жарық көрген монографиялар мен мақалаларда Қазтайдың еңбектеріне жасалған сілтемелер оның шығармашылығының ғұмырлылығын паш етеді.

Қазтайдың тіл біліміне деген ынтызарлығы студенттік кезден басталған болатын. Бip кездегі С.М.Киров атындағы, қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің қырық шақты тәмамдаушылары iшiндe Ғылым академиясының Тіл білімі институтына орналаса алған (лаборанттық жұмысқа болса да) бip өзi болатын. Жас жігітті институт сөздік түзу сияқты ғылымның«қара жұмысына» салып келіп жібергені, оның құлағынан күн көрінгенше отырғаны, мұрны шып-шып терлеген тұста бас көтеретіні көз алдымызда. Балаң ғалымды ғылымға баулыған әйгілі академик Шора Шамғалиұлы Сарыбаев болатын.

Қазекең кез келген адаммен тіл табыса алатын және бұл қасиет студент кезінде-ақ байқалатын. «Қошқар болар қозының маңдай жағы дөң келер» демекші, Қазтайдың сырт әлпетінің өзі келісті eдi, сондықтан болса керек, факультет деканы Тауман Салықбайұлы Амандосов курс ішінде жүзі қызара бөрткен Қазтайға қарай түсіп: «Қазтай Айтазин староста болса, қалай қарайсыздар?» – деген еді бозөкпе бозбалаларға. Осылайша «Жаппарқұлда жан бар ма?» дегендей, баршамыз «ләббай!» дедік те, 16 жасқа тола қоймаған Қазтайды қолдап шу ете түстік. Бес жыл бойы староста болды, біздің көңілімізден шыға білді, ұстаздарға, әсіресеАкадемияның вице-президенті академик Нығымет Тінәліұлы Сауранбаевқа, декан Тауман Амандосовқа тіптi жақындасып алды. Н.Т.Сауранбаевтың машинасына мініпбарып, қабылдауында болғаны есімде. Тіптіоның Мұхтар Омарханұлы Әуезовке де жуық екенін байқап қалдық. Ол кезде ұлы ұстаздар семинардағы жауабымызды ескеретін, арнайы сынақ алып отырмайтын, сынақ кітапшасын Қазтайғa жинатып алып, кабинеттерінде отырып сынақ тапсырғандығымыз жөнінде белгі салатын.

Қазтайдостасқанакадемиктер мен корреспондент-мүшелероныңмүшелтойында да болды, қайтпассапарғашығарыпсалуға да барды.

Қазекеңүйленбейкөпжүрді. Жиын-тойлардатанымайтындарға «Үйленеалмайүйдеотырған, үйлендесе, үрейіұшқанҚазтай» депicкeалғысыздаутаныстырыпжүрдік, кейде «Атым бар қыздарқойғанҚазтуғандеп, Айтадымендейжігіт аз туғандеп» дегенсияқтықыздаршығарғанөлең бар» депкөтермелегенболатынбыз.

Ақырыбipкездері «балық, балық» депжүріп, Қазтайатыраушылболыпалды. Атыраудыалпыскүнсайынбipайналғандышығарды, аттірейтінжері – Махамбет, баяғыЖаманқала, ондағыүлкен мен кішініқатарағалап, ақжарқынҚұлшәріпағамыздыжағалайтынболыпалды. «Баққаныбалықекендепжүрсек, Ақбалықекен» дегеналыпқашпасөзшықты. Бұлсөзшындыққаайналартұста «Ақбалық-ay, ақбалық, қармағымдықапбалық!» дейдіҚазекең» депәзілдейтінді де шығардық. Соләнгеқосқан «Ақбалығымыз» өзіміздіңРайханқарындасымызболыпшыкты. Екеуіүшұлдыболды, олардыңесімдері де «Ай»-мен ұштасты: Айбек, Айдос, Айдар. Иншалла, орнында бар оңалар!

Қазтайдиалектологиялықэкспедициянықалайболсасолайөткізбеді, алдыменжоспарқұрды, оданәpiнақтызерттеудісұраулықбойыншажүргізді, соданкейінШ.Ш.Сарыбаевтыңбасқаруымен диалектография жұмысына, яғни изоглосс пен лингвистикалық атлас жасауғакірісті.

Әрине, зерттеунәтижелерініңқазақтілітарихынжасауда, кірмесөздердіанықтаудаөзсептігінтигізеріхақ. Зерттеудібұлайшаұйымдacтыpyдәcтүpлiжалғасынтабуда.

Ел аралапжүргендеқазақтыңжергіліктісалт-дәстүр, әдет-ғұрып, мәдениет пен өнерінеқатысты, өнегеболарлықсөздері мен сөзтіркестерін,мақал-мәтелдерінжинап, оны «Қазақтілініңдиалектологиялықсөздігіне» енгізді, олартуралыарнайыеңбектержазды.

Қазекеңөзініңалпысжылдықмүшелтойықарсаңында «Білгенге – маржан, білмеске – арзан» атты 300 беттік монография жариялады. Кітапатауыайтарынанықбаяндаптұр. Ендеше, Қазтайеңбектерініңқазақтілікәсібилексикасындамытудағыорныбаяндыболарынабізкепіл.

ҚазекеңніңкиеліқарашаңырағындаоныңаққұсыболғанРайхан мен алтын асықтаймираскерлеріата-баба мұрасынжаңғыртты, үрім-бұтақ даму барысындаегізекіперзенттер де дүниегекелді.Илләhи, осы біржағдайжалғасынтапқай!

Көзденғайыпболғанына 20 жылөткенҚазекеңнің 80 жылдығынаорай ас берілуіс-шарасытұсындаұранкешретінде «ҚазтайАйтазаұлыныңасылқасиеттері мен ғылымимұрасыжадымыздамәңгісақталғай, сүйген жары Райханкөпжасап, үрім-бұтағыүздіксіздамибергей!» демекпіз.

Бақытжан ХАСАНҰЛЫ,

филология  ғылымдарының докторы,

социолингвист.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button